Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Беймата текстиль материалдары үшін табиғи жүнді дайындау



Pdf көрінісі
бет109/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Беймата текстиль материалдары үшін табиғи жүнді дайындау. 
Талшықты тарау, майлау, араластыру. 
 
Беймата  текстиль  материалдары  өндірісінде  араластыруға 
компоненттерді  дайындау  жоспары  –  қоспа  құрамына  байланысты 
белгіленеді 
және 
тарау 
құрал-жабдықтарын 
және 
жайғақ 
қалыптастыратын  құралдарды  таңдаумен  анықтайды.  Компоненттерді 
араластыруға және тарауға дайындау – беймата материалдарына арналған 
жайғақ  қалыптастыру  процесінің  технологиялық  және  экономикалық 
нәтиже
лерін анықтайтын жауапты операция болып табылады. 
Табиғи  жүнді  дайындау,  күйіне  және  өндірістік  белгілеуіне 
байланысты үш негізгі жоспар бойынша жүргізеді. 


120 
 
 I    жоспар  нормальды  жүнге  қолданылады.  Нормальды  жүн  тек 
қопсытуға және түтуге түседі: бір дүркіндіге – жіңішке, жартылай жіңішке 
және жартылай дөрекі жүн түседі, ал екі дүркіндіге – дөрекі жүн түседі. 
II жоспар механикалық ошағансыздандыруға түсетін қоқымды және 
ошағанды жүндер үшін қолданылады.  
III  жоспар  карбонизациялау  жолымен  өсімдік  қоспаларынан 
тазартылуға түсетін қоқымды және ошағанды жүндер үшін қолданылады. 
Карбонизациялау  процесі  бірнеше  операциялардан  тұрады:  күкірт 
қышқылы ерітіндісінде жүн талшықтарын өңдеу: артық қышқылды сығу; 
ылғал күйінде талшықты массаны қопсыту;  жылулы  өңдеу; нейтралдау, 
сығу және кептіру. 
Өндірістік 
шарттарға 
байланысты 
шикізатты 
дайындау 
жоспарларының  түрлері  өзгеруі  мүмкін.  Мысалы,  илеу  процесінсіз 
өндірілетін  беймата  жаймаларын,  боялған  талшықтардан  және  тігілетн 
жіптерден  дайындауға  болады,  бірақ  илеу  қабілеттерін  сақтау  үшін 
талшықтарды бояу мәнді емес, ал оның орнына жайманы бояу қажет. 
Химиялық  талшықтарды  дайындауда  тек  жеңіл  қопсыту  ғана 
болады. Химиялық штапельді  талшықтарды қопсыту мынандай жағдайда 
ғана  жүргізіледі,  яғни  талшықтар  киптерде  престелінген  күйінде  түссе. 
Егер талшықтар қаптарда болса, онда бұл операцияны жүргізудің қажеті 
жоқ.  
Химиялық  талшықтарды  қопсыту,  көтерілген  біліктері  бар  түту 
машиналарында  немесе  үзіліссіз  қозғалыстағы  түту  машиналарында 
жүргізілуі тиіс. 
Араластыру  процесінің  мәні  -  өзара  әртүрлі  компоненттерді 
араластыру  және  әр  компоненттің  біртексіздігін  теңестіру  болып 
табылады. 
Араластырудың  мақсаты  –  компоненттерді  дұрыс  таңдау  және 
біркелкі  құрылымды  беймата  материалдарын  өндіруге  жарамды  бірдей 
қоспаларды алуға дейін араластыру. 
Қоспаларды фабриканың қоспа бөлімінде жасайды. 
Қоспаның  құрамына  кіретін  талшықтардың  түрі  бойынша, 
қоспаларды – жүнді, мақталы және зығырлы деп бөледі. 
Дайын  өнімнің  түрі  бойынша  қоспаларды  топтары  және 
артикульдері бойынша бөледі. 
Араластыру процесі екі негізгі операциядан тұрады: қоспа құрамын 
таңдау және талшықты материалдардың біртекті массасын дайындау. 
Қоспа құрамын дайындаған кезде келесі жағдайларды ескеру қажет: 
 -  қоспа  құрамы  –  техникалық  шарттарға  немесе    стандарттың  
сәйкес талаптарына жауап беретін және көрнекті түрі бар, дайын боялған 
беймата материалдарын өндіруді қамтамасыз ету қажет


121 
 
 -  қоспа  құрамы  -  өндірілетін  өнімнің  сапасына  және  қасиеттеріне 
зиян келтірмейтіндей қалпына келтірілген жүн және штапельді химиялық 
талшықтарды,  өз  өндірісінің  қалдықтарын  үнемі  және  максимальды 
пайдалануды қамтамасыз ету керек
- өңдеу кезінде қоспа, шығын санын азайтуды қамтамасыз ету керек
 - қоспаның құны жоспардан аспау керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                   I                              II                                         III 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет