Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет108/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

 
 
 
 
41-сурет. Беймата материалдар өндірісінің әдістері 
 
Талшықты  жайғақ  табиғи  және  химиялық  талшықтардан 
қалыптасады. Көбінесе бұлар төменгі сортты талшықтар, иіру өндірісінің 
қалдықтары. Беймата текстиль материалдар өндірісіне  немесе талшықты 
қабатты  бекіту  ретінде,  капрон,  лавсан,  хлорин  жіптері  немесе  мақтадан 
алынатын  біртекті  және  ширатылған  иірімжіптер  қолданылады.  Арнайы 
беймата текстиль материалдар өндіру үшін шыны немесе металды  жіптер 
де қолданылады. 
Жіпті,  маталы  және  басқа  да  каркас  дайындау  үшін  зығыр,  мақта 
талшықтарынан  алынатын  иірімжіптер,  химиялық  жіптер,  химиялық 
штапельді  талшықтардан  алынатын  иірімжіптер,  полимерлі  пленкалар, 
металды сеткалар қолданылады. 
Физика-химиялық технология 
Қиыстырылған 
технология 
И
нетесі
мд
і ә
ді
с 
С
іңді
ру
 
По
ли
мер
лер
 
ері
тін
ді
сі
нен
 
қалы
пт
ас
тыр
у
 
Ж
ылул
ы п
рес
те
у 
Қ
ағ
аз ж
ас
айт
ын 
әд
іс
 
Таф
ти
нг
ілі
 әд
іс
 
Э
ле
ктроф
лок
ир
л
еу
 
И
нетесі
мд
і ә
ді
с 
Талшықты 
жайғақ 
негізінде  
Жіп жүйесі негізінде 
Жазық құрылым 
негізінде (мата, 
жайма) 
Өндіру әдістері 
Механикалық технология 
Тоқып

іг
у ә
ді
сі
 
Ж
іпт
ерд
і 
ж
ел
імде
у
 


117 
 
Беймата  өндірісіне  келіп  түсетін  шикізат,  дайындық  кезеңдерінен 
өтеді.  Шикізатты  дайындау  процестері,  шикізаттың  түріне  және  беймата 
текстиль  материалдар  өндірісінің  әдісіне  байланысты  таңдалынады. 
Талшықты  шикізатты  дайындау:  қопсыту,  тазалау,  араластыру,  кардты 
тарау  және  жайғақтың  қалыптасуынан  тұрады.  Кардты  тарауға 
талшықтарды дайындау және кардты тарау талшықтың түріне байланысты 
жүзеге асырылады. 
Жайғақ  механикалық,  аэродинамикалық  және  гидравликалық 
ә
дістермен өндіріледі. 
Мақта  –  текстиль  өндірісіне  арналған  шикізаттың  маңызды  түрі. 
Біздің  елімізде  текстиль  бұйымдарының  жартысынан  көбі  мақтадан 
өндіріледі.  Мақтаның  негізгі  көрсеткіштері:  төзіміділігі,  жетілу 
коэффициенті, 
ылғалдылық 
коэффициенті, 
ақаулардың 
және 
қоқымдардың құрамдары. 
Мақта  жеңіл  ағарады,  ылғал  тартқыш,  химиялық  тазалауда 
қолданылатын  заттарға  төзімді  және  жақсы  боялады.  Мақта 
талшықтарының кемшіліктеріне: ұзындығы, сызықтық тығыздығы, жетілу 
дәрежесі  бойынша  тегіссіздігі  және  шөптердің,  қыл-қыбырлардың 
мөлшері  үлкен  болады.  Мақта  талшықтарының  үзілу  салмағы  бойынша 
тегіссіздігі  жоғары (25-65%) болады. 
Талшықты  жіктеу  кезіндегі  тазартуға  қарамастан,  мақта  арасында 
жарылған  және  жетілмеген  дәндер,  талшықты  қабық,  бұрқаулар, 
түйіншілер,  өлі  талшықтар,  жапырақ,  құм  және  тозаң  тәрізді  қоқымдар 
қалады. 
Таза  иірімжіп  алу  үшін,  мақтаны  қоқымдардың  бәрінен  тазалау 
қажет. Аталмыш қоқымдар қопсытылған мақтадан оңай алынады. Біртекті 
қоспаны  алу,  негізгі  міндет  болғандықтан,  бұл  үшін  қоспаның  құрамдас 
бөлшектерін  араластыру  қажет.  Мақта  түйдектері  неғұрлым  аз  болса, 
соғұрлым мақта жақсы араласады. Демек, мақтаны жақсылап араластыру 
үшін,  оны  қопсыту  керек.  Қопсыту,  тазарту  және  араластыру  процестері 
қопсытып-тазартатын агрегатта жүзеге асырылады. 
Қопсыту  процесінің  мәні  –  талшықты  материалдың  көлемді 
салмағының азаюында және оны майда түйдектерге бөлінуінде. Қопсыту 
процесінің  мақсаты  –  талшықты  массаны  қоқымдардан  тазартуға  жағдай 
жасау және барлық құрамдас бөлшектердің жақсы араласуын қамтамасыз 
ету болып табылады. Талшықты массаны майда түйдектерге бөлу екі әдіс 
арқылы  жүзеге  асырылады:  тікенекті  торлы  машиналарда  түтелеу  және 
ұрғылау. 
Талшықты  массаны  түтелеу,  оны  машинаның  екі  бөлшегі  бір 
мезгілде ұстау арқылы орындалады. Бұл аталған екі бөлшегінің тікенекті 


118 
 
немесе  тісті  беті  болады  және  әртүрлі  бағытта  немесе  түрлі 
жылдамдықпен бір бағытта қозғалыс жасайды. 
Қопсыту қарқындылығы дегеніміз  - талшықты материалға машина 
бөлшектерінің  белгілі  бір  қарқынмен  әсер  етуі.  Қопсытудың 
қарқындылығын  өңделіп  жатқан  талшық  салмағының  бірлігіне  сәйкес 
келетін  ұстаралы  барабандардағы  ұстараның  ұрғылау  саны  арқылы 
бағалауға болады: 
 
S
Қ
=n•M•1000/θ       (35) 
 
мұндағы: n – ұстаралы барабанның айналу жиілігі, мин
-1
 
                 М – барабандағы ұстара саны; 
                  θ – машинаға берілетін талшықтар мөлшері, кг/мин. 
Қопсыту  қарқындылығы  машинаның  қопсытушы  бөлшектерінің 
түрлері  мен  өлшемдеріне,  айырғыштардың  шамасына,  жұмысшы 
бөлшектердің  жылдамдығына,  камераның  толығу  дәрежесіне  тәуелді 
болып  келеді.  Инелер, тістер  немесе  сауырлар  неғұрлым  ұзын  болса, әрі 
олар  жиі  түссе,  қопсыту  қарқыны  соғұрлым  жоғары  болады. 
Қарқындылыққа тістердің орналасуы да әсер етеді. Егер олар шахматтық 
ретпен  орналасса,  онда  қарқындылық  артады.  Ажырату  азайған  сайын, 
қопсыту қарқыны арта түседі. Жылдамдық өскен сайын, ұрғылау саны да 
өсіп, қопсыту қарқындылығы арта түседі. Машина камерасы талшықты аз 
толтырса, мақтаның қопсу қарқыны да төмендейді, ал көп болса – артады. 
Камера көлемінің 2/3 немесе 3/4 бөлігін толтыру ең қолайлы болып 
табылады. 
Қопсыту  тиімділігі  дегеніміз  –  талшықты  материалдың 
қопсығыштық  дәрежесі,  яғни  оның  көлемді  салмағының  азаю  дәрежесі 
және  оның  майда  түйдектерге  бөлінуі.  Қопсыту  тиімділігі,  түйдек 
салмағының  өзгеруімен,  ал  тазарту  тиімділігі  бөлінетін  қоқым 
мөлшерімен бағаланады. Бұл екі процестің тиімділігі қопсыту қарқынына 
тікелей байланысты. Процестердің тиімділігі қарқындылықтың артуымен 
өсе түседі және бұл тәуелділіктің сипаты аса күрделі. 
Қарқындылық артқан сайын тиімділік те әуелі жайлап, содан кейін 
жылдамырақ арта түседі.  
 Кәсіпорындарда  машинаны  жүктеудің  белгілі  бір  параметрлері 
тағайындалады.  Мақтаны  қопсыту  қарқындылығы,  келесі  машинаға 
талшықты салған сайын арта түседі. Мақтаны өңдеудің бірінші кезеңінде, 
оның  қопсыту  қарқынын  арттыруға  болмайды.  Бұл  кезде  жұмысшы 
бөлшектердің  гарнитурасының  тістері  сынып  қалуы  немесе  талшықтар 
зақымдануы мүмкін.  


119 
 
Талшықты 
материалды 
қопсытып-тазартатын 
агрегаттарда, 
машиналарда  араластыру,  қопсыту  және  бірлі-жарым  тазарту,  материал 
тазалығының және қопсығыштығының қажетті дәрежесін қамтамасыз ете 
алмайды.  Талшықты  әрі  қарай  өңдеу  жұмысы  түту  машиналарында 
орындалады. Түту машиналарының екі түрі қолданылады: жайғақты Т-16 
және  МТ,  ПРЧ-1  қосымша  қоректендіргіші    бар  жайғақсыз  МТБ 
машинасы. 
Жіңішке  талшықты  мақта  үшін  ұстаралы  түткіштер  қолданылады. 
Түткіштің  айналу  жиілігі  1000  мин
-1
.  Түткіштің    талшықты  материалды 
ұрғылауы  нәтижесінде  талшықтар  мен  қоқым,  талшық  топтары 
арасындағы  байланыс  үзіледі.  Планкалы  түткіш  салмақтары  әртүрлі  ірі 
түйдектерді  жіктейді,  ал  инелі  түткіш  салмақтары  біркелкі  майда 
түйдектерді жіктейді, өйткені бұл кезде тарау процесі де жүреді.  
Тазарту  қарқындылығы  түту  дәрежесімен,яғни  өңделуші  материал 
салмағының  бірлігіне  келетін  түту  ұрғышының  соғу  санымен 
сипатталады: 
S
түт
=n
түт
R/Q        (36) 
мұндағы:  n
түт 
– түткіштің айналу жиілігі, мин
-1
 
                    R – түткіш ұрғыштарының саны; 
                    Q – түткіште жіберілетін талшықтың салмағы, г/мин 
Q=V
ж
•Т
қаб
/1000       (37) 
V
ж
- қабатты түткішке жіберу жылдамдығы, м/мин 
Т
қаб
 – жіберілетін қабаттың сызықтық тығыздығы, текс 
S
түт
=n
түт
•R•1000/ (V
ж
 • Т
қаб
)      (38) 
Түту қарқындылығы неғұрлым жоғары болса, талшықты материалды 
жіберу  жылдамдығы  және  талшық  қабаты  соғұрлым  аз  болады.  Демек, 
машинаның өнімділігі азайып, түткіштің айналу жиілігі артады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет