115
хирургиялық тампондар, халаттар, күрдешелер, салфеткалар, сүлгілер,
орайтын материалдар дайындалады.
Беймата материалдары қолданылатын шикізаттың түріне қарай
тарамдалған мақта, мата немесе жіп жүйесі түрінде кездесуі мүмкін.
Беймата материалдарының ең көп қолданылатын топтастырылуы-
өндіріс әдістері бойынша, яғни талшықты жайғақта талшықты бекіту
немесе байланыстыру әдісі. Талшықты байланыстыру механикалық,
химиялық және аралас әдістер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Химиялық әдіспен байланыстыру дегеніміз – жылытуда немесе қысымда
полимерлі байланыстырушылар арқылы талшықты бекіту әдісі;
механикалық әдіспен байланыстыру дегеніміз – сол талшықтардың
өздерімен немесе жіптердің көмегі арқылы талшықтарды бекіту.
Беймата материалдарының өндіріс әдістерінің түрлілігін үш
технологияға
бөледі:
механикалық,
физика-химиялық
және
қиыстырылған.
Механикалық технология бойынша талшықты жайғақтың
талшықтарымен немесе жіптерінен тоқылатын, жіптен немесе талшықтан
жасалатын ілмектері бар текстильді емес материалдарды үйлестіру
арқылы тоқып-тігілетін беймата жаймалары алынады. Осы технология
бойынша талшықты жайғақты матамен үйлестіре отырып, инені түйреу
арқылы жасалатын инемен тесілетін жаймалар алынады.
Физика-химиялық технология бойынша талшықты жайғақтардан
алынатын желімді жаймалар, сонымен қатар құрылымын дисперсиямен
және полимердің балқымасымен бекіте отырып, қарапайым жіптер мен
маталар арқылы жайғақ алынады. Фильерлі жаймалар, полимерлердің
ерітіндісінен жасалынатын үзіліссіз жіптердің тікелей қалыптасту
процесіндегі талшықты жайғақтан жасалады.
Қиыстырылған
технология
бойынша
тафтингілі,
электрфлокирленген инемен тесілетін беймата материалдары өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: