158
Мали технологиясын жетілдірудің нәтижесі - екі жағында да
түкті ілмектері бар жайманы тоқып-тігу машиналарында өндіру әдісі
болып табылады. Мұндай жаймалар сүлгі, шомылғаннан кейін киетін
халаттар дайындауда қолданылады.
Жаймадағы ақауларға келетін болсақ, олар көбінесе иірімжіптің
нашар дайындалғанынан және машинаның тұрып қалуынан болады.
Малимо машинасындағы материал ақауларының себептері:
- тігу жіптердің үзілуі;
- негізгі жіптердің үзілуі;
- арқау жіптерінің үзілуі:
- ілмектердің түсірілуі;
- қозғалмалы инелердің бұзылуы;
- қозғалтқыштардың бұзылуы;
- тігу жіптерге арналған инелердің сынуы және бұзылуы;
- тойтарма платиналардың бұзылуы;
- арқау жіптерге арналған инелердің бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: