163
Беймата материалдар өндірісінде мақта-маталы қалдықтарынан
басқа мақта тазалау зауыттарының талшықты қалдықтарын
қолданады.
Мақта өндірісінің қалдықтарынан тарау және тарақшалы
машиналардан алынатын тарамдар, қопсытып-түту және тарау
машиналарынан – жағақ және үлпек қолданылады. Тоқыма
өндірісінің қалдықтарынан шлихталмаған иірімжіп ұштарын
қолданады. Сонымен қатар ескі жамылғыш, халат және матрацтардан
алынатын мақталар қолданылады.
Беймата материалдар өндірісінің механикалық әдісімен
қолданылатын қалдықтардың ұзындығы 12мм-ден кем болмау керек.
Маталардың кесінділерін және трикотаж-тоқыма бұйымдарын,
қиындыларын өңдеуге арналған машиналарда өңдейді. Өңдеуден
кейінгі алынған талшықтарды түспе, астар аралық, техникалық
сүрткіштер және тағы да басқа өндірістерде қолданады.
Ласталған қалдықтарды (тарам, үлпек, сыпырындылар және т.б.)
қопсыту және тазалау үшін қалдық тазалайтын машиналар
қолданылады, ла иірілген таспа және иірімжіптерді қопсыту үшін
қопсыту машиналары қолданылады. Иіру машиналарынан алынған
сақиналарын жіп үзінділерінен тазартып жіп бөлгіш машиналарда
қопсытады.
Достарыңызбен бөлісу: