Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


  Жүн және химиялық талшықтарды иірудің аппаратты



Pdf көрінісі
бет22/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

 
1.2.1.  Жүн және химиялық талшықтарды иірудің аппаратты 
жүйесі 
 
Жүн  иірімжібін  иірудің  үш  жүйесі  бойынша  өндіреді:  аппаратты, 
тарақты және жартылай тарақты. 
Аппаратты  жүйеде  қоспа  талшықтарын  тарау,  кардты  тарау 
машинасында, ал өнімнің жұқаруы созба кареткаларында және жеке созу 
процесінде иіру машинасының созба аспабында жүзеге асырылады. 
Иірудің тарақты жүйесінде жүнді тарау кардты тарау және тарақты 
тарау  машиналарында,  өнімнің    жұқаруы  –  созу  аспаптарында  жүзеге 
асырылады. 
Жүннің жіңішкелігіне байланысты иірудің тарақты жүйесін жіңішке 
талшықты  өңдеуге  арналған  жіңішке  тарақты  және  ұзындығы 55  мм-ден 
110мм-ге  дейінгі  салыстырмалы  қысқа  жартылай  жіңішке  жүн  және 
ұзындығы  130мм-ден  аспайтын  дөрекі  жүнді,  ұзын  жартылай  жіңішкелі, 
жартылай  дөрекілі  жүнді  қайта  өңдеуге  арналған  дөрекі  тарақты  жүйе 
болып бөлінеді. 
Өзіміздің  елімізде  тек  иірудің  жіңішкетарақты  жүйесі  ғана 
қолданылады. Дөрекі тарақты жүйесі тек кроссбред жүнін өңдеу үшін шет 
мемлекеттерде қолданылады. 
Тарақты  иірімжіптерден  көйлек,  костюмдік  маталар,  орамалдар, 
трикотаж  жаймалары  және  бұйымдарының  көп  ассортименттері 
өндіріледі.  
Тарақты иірімжіптен алынған маталар үлкен тығыздығымен, төменгі 
жылуөткізгіштігімен және жақсы ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді. 
Иірудің  тарақты  жүйесі  бойынша  таза  жүнді  иірімжіп  және 
құрамында химиялық талшықтары бар (лавсан, нитрон, орлон және және 
т.б. ) аралас иірімжіптер өндіріледі. 
Иірудің аппаратты жүйесінде әртүрлі шикізаттың түрі қолданылады: 
табиғи  біртекті  және  біртексіз  талшықтарының  ұзындығы  55  мм  және 
одан  төмен  жүн  талшықтарының  барлық  түрлері,  химиялық 
штапельденген  талшықтар,  сонымен  қатар  иірудің  тарақты  және 
аппаратты  жүйелерінің  барлық  иірім  қалдықтары.  Бұл  қалдықтардың 
құрамына көбінесе орташа ұзындығы 10-30 мм қысқа талшықтар кіреді. 
Аппаратты  иірімжіптің  ерекшеліктері,  оның  үлпектігі,  жоғарғы 
түктілігі, аз ширатылымдылығы иірімжіптің бойлық осьіне талшықтардың 
жеңіл  бағытталуы,  жеткілікті  жоғарғы  серпімділігі  жатады.  Қасиеттері 
жағынан  әртүрлі  компоненттерді  сонымен  қатар  қысқа  талшықтарды 


27 
 
қолдануға  байланысты  аппаратты  жүйемен,  тығыздығы  және  басқа  да 
қасиеттері  бойынша  жоғарғы  тегіссіздігі  бар  үлкен  сызықтық 
тығыздықтағы  иірімжіп  өндіріледі.  Жіңішке  және  жартылай  жіңішке 
жүннен таза күйінде және химиялық талшықтармен қоспасынан көбінесе 
62,5-166  тексті  иірімжіп  алынады,  ал  біртексіз  дөрекі  және  жартылай 
дөрекі жүннен 143-500 тексті иірімжіптер өндіріледі. 
Аппаратты иірімжіп шұға, пальто, костюм және көйлек маталарын, 
сонымен қатар жамылғы, техникалық мауыты өндіруге қолданады. 
Мауыты маталары жоғары беттік тығыздығымен сипатталады. 
Иірімжіптің 
сапасы 
талшықтардың 
қасиеттері 
арқылы 
анықталынады. Талшықтың қасиеттері және иірімжіп арасында белгілі бір 
тәуелділік болады. 
Қоспадан  алынатын  иірімжіптің  сапалық  көрсеткіштері  әр  жеке 
компоненттен  алынатын  иірімжіптің  сәйкес  көрсеткіштерінен  орташа 
тартылған  болатынын  ескерсек,  жүн  иірімжібінің  қасиеттерін  жобалау 
кезінде А.А. Синицынның  формуласын қолдануға болады: 
 
                   А=А
1

1
а
1

2

2
а
2
+...+А
n

n
а
n                      
(1)
 
 
мұндағы  А  –  құрамында  бірнеше  компоненттері  бар,  қоспалардан 
алынатын иірімжіп сапасының көрсеткіші; А
1
, А
2
, ..., А
n
 - әр компоненттен 
жеке өндірілетін иірімжіп сапасының көрсеткіші; 

1


2
, ...

n    - 
қоспадағы 
компоненттің  үлесі;  а
1
,  а
2
,  ...а
n
  –  компоненттің  бірнеше  қасиеттерінің 
өзгеруін сипаттайтын коэффициент. 
Аппаратты  иіру жүйесінде қоспаның иіру қабілеттлігінің маңызды 
көрсеткіші  –  иірімжіптің  шығуы  –  В  және  иірімжіптің  сызықтық 
тығыздығының минимальды мөлшері болып табылады. 
Иіру қабілеттлігінің резерві, % 


Н
Е
Н
Т
Т
Т
R
/
100


            (2) 
мұндағы  
Н
Т
 - иірімжіптің нақты сызықтық тығыздығы, текс; 
Е
Т
 - 
иірімжіптің есептелген сызықтық тығыздығы, текс. 
Технологиялық процесс жақсы өту үшін иіру қабілеттілігін резерві 
30
15


R

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет