Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Зығыр қалдықтарының түрлері



Pdf көрінісі
бет140/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Зығыр қалдықтарының түрлері. 
Беймата  материалдар  өндірісінде  зығыр  қалдықтарының  келесі 
түрлерін қолданады: тарау машинасынан сілкілеп алынған қалдықтар, 
жіптердің  және иірімжіптердің  үзінділері,  тарақшалы  тарамдар  және 
сыпырындылар. 
Қысқа  талшықтарды  және  тарамдарды  өңдеген  кезде  тарау 
машинасынан  сілкініп  алынатын  қалдықтар,  құрамында  жапырақ 
және  үлпек  көп  болатын  қысқа  талшық  түрінде  болады.  Сілкілеп 
алынған  қалдықтарды,  мата  кесінділерін  өңдейтін  машинадан  және 
сілку  машинасынан  екі  рет  өткізеді.  Осыдан  кейін  оны  беймата 
материалдар  өндірісіне  арналған  қоспаға  қолдануға  болады. 
Жапырақтармен және басқа да қоқымдармен ластануына байланысты 
сілкілеп алынған қалдықтарды үш сортқа бөледі. 
 №4  және  одан  да  жоғары  тарамды  өңдеу  кезінде  алынған  I  
сортты  сілкілеп  алынған  қалдықтарды  мата  кесінділерін  өңдейтін 
машинадан  және  сілку  машинасынан  екі  рет  өткізеді,  осыдан  кеін 
мұның құрамында жапырақтар 8% дейін және басқа да қоспалар 2% 
дейін болуы мүмкін. 
№8-ден №12 дейін тарамдарды өңдеу кезінде алынған II сортты 
сілкілеп алынған қалдықтарды, мата кесінділерін өңдейтін және сілку 
машиналарынан екі рет өткізеді, осыдан кейін мұның құрамында 14% 
жапырақтың және 2% қоқымдардың болуы мүмкін. 
№8  төмен  тарамдарды  өңдеген  кезде  алынған    III  сортты 
сілкілеп  алынатын  қалдықтар  да  мата  кесінділерін  өңдейтін  және 
сілку  машиналарынан  екі  рет  өткізіледі.  Осыдан  кейін  мұның 
құрамында  20%  дейін  жапырақтың  және  2%  дейін  қоқымдардың 
болуы мүмкін. 
Егер  мата  кесінділерін  өңдейтін  машинадан  екі  рет  өткізу 
жеткіліксіз  болса,  онда  сілкілеп  алынған  қалдықтарды  машинадан 
басқа да қоспалардың мөлшері стандартпен белгіленген шамаға дейін 


166 
 
төмендетілгенше  машинадан  өткізіле  береді.  Тарау  машинасынан 
сілкілеп  алынған  қалдықтардың  орташа  ұзындығы  оны  мата 
кесінділерін өңдейтін және сілку машиналарында тазалағаннан кейін 
40-70 мм-ді құрайды. 
Ылғалды  иірімдегі  иіру  машиналарынан  алынған  иірімжіп 
үзінділері,  ылғалды  ширату  кезінде  жасалатын  жіп  үзінділері, 
ылғалды  иірімдегі  машиналардың  цилиндрлерінен  және біліктерінен 
алынатын  тегіс  таспа  үзінділері  және  созылған  тегіс  таспа  бірінші 
жуылады,  кептіріледі.  Одан  кейін  оларды  беймата  материалдар 
өндірісіне ары қарай қолдану үшін «талшыққа» өңдейді. 
Сыпырынды  –  сыпыру  кезінде  пайда  болатын  қалдықтар, 
оларды  шаң  бөлгіш  машиналарда  тазартады.  Шаңнан  тазалағаннан 
кейінгі сыпырындылардың орташа ұзындығы 40-70 мм-ді құрайды. 
Тарамдарды  және  қысқа  зығыр  талшықтарын  тараған  кезде 
алынатын тарақшалы тарамдарды да беймата материалдар өндірісінде 
қолданады.  
Зығыр  иіру  өндірісінде  алынатын  қалдықтардың  құрамында 
қоқымдардың  мөлшері  көп  болады.  Оларды  арнайы  қалдықтарды 
тазалау  цехтары  бар  фабрикаларда  қоспалардан  тазалауға  ұсынады. 
Осының нәтижесінде қалдықтардың салмағы төмендейді. 
Қалдықтарды  өңдеу  цехтары  фабриканың  негізгі  цехтарының 
бөлініп  тұруы  керек,  өйткені  құрғақ  қалдықтарды  тазалаған  кезде 
шаңның және кірдің мөлшері көп бөлінеді. 
Жартылай  жүнді  беймата  материалдарында  қиындылардан 
қайта  қалпына  келтірілген  жүндер  көп  қолданылады.  49-суретте 
қиындыларды дайындаудың  толық жоспары көрсетілген. 
Әр 
топтың  шектеуінде қиындыларды  талшықтардың құрамына 
байланысты таза жүнді және жартылай жүнді деп екіге бөледі.  
Таза  жүнді  қиындыларды  қайта  өңдеудің,  жартылай  жүнді 
қиындыларды 
қайта 
өңдеуден 
айырмашылығы, 
онда 
карбонизациялаумен байланысты операцияның болмауында. 
Ескі 
шүберектерді 
дайындау 
жоспарындағы 
бірінші 
операциядан  кейін  қосымша  екі  операция  қосылады:  жуу-кептіру 
және кесу-сөгу. 
Қиындыларды  түссіздендірудің  мақсаты  –  оларды  тек  жабық 
емес, сонымен бірге ашық түстерге де бояуға мүмкін болу үшін. 
Келтірілген  қиындыларды  қайта  өңдеу  жоспарынан  бірнеше 
операциялардың  шығарылып  тасталуы  мүмкін.  Мысалы,  қайта 
қалпына  келтірілген  жүнді  қолдана  отырып,  жартылай  жүнді, 
мақтаны  өңдеген  кезде  карбонизациялау,  түссіздендіру  және  бояу 
операциялары шығарылып тасталынады. 


167 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет