Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет148/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

глинозем  нанобөлшектерінің  15%-тің  енгізу,  оларды  әртүрлі 
класстағы бояғыштармен бояп, қанық өңді түстерді алуға мүмкіндікті 
қамтамасыз  етеді.  TiO
2
,  Al
2
O
3
,  ZnO,  MgO  металдар  тотықтарының 
нанобөлшектерімен  толтырылған  синтетикалық  талшықтар  өндірісі 
мен  зерттеулер  қарқынды  дамуда.  Талшықтарда  келесі  қасиеттер 
пайда  болады:  фотокаталитикалық  белсенділік;  УФ-қорғаныс; 
микроптарға  қарсылас  қасиеттер;  электрөткізгіштік;  ластарды 
кетіргіш  қасиеттер,  әртүрлі  химиялық  және  биологиялық  шарттарда 
фотототықтырғыш қабілеттілік. 


178 
 
Наноталшықтар  өндірісіндегі  тағы  да  бір  қызықтыратын 
бағыт  –  оларға  саңылаулық  құрылым  беру  болып  табылады.  Бұл 
технология  материалдарының  массасын  төмендетуге  (  жеңіл 
материалдарды  алу),  оларға  жақсы  жылу  бөлгіш  қасиеттерді  және 
жарылуға  тұрақтылықты  беруге  әкеп  соқтырады.  Талшықтардың  
пайда болған наносаңылаулары  әртүрлі функционалдық белгілеудегі 
(медицина,  текстиль  жаймаларын  хош  иістендіру,  биологиялық 
қорғаныс)  сұйық,  қатты  және  газ  тәрізді  заттармен  толтырылуы 
мүмкін. 
Наноталшықтардың басқа түрі  – ультра жіңішке талшықтар, 
олардың диаметрі 100 нм-ден аспайды. Бұл жіңішкелік функционалды 
топтардың  жоғары  мөлшерін  қамтамасыз  етеді,  сондықтан  осындай 
талшықтардан алынған материалдар жақсы сорбциялық қабілеттілікке 
және  каталитикалық  белсенділікке  ие  болады.  Еуропада  (Англия, 
Франция),  АҚШ,  Израиль  және  Жапонияда    үздік  физика-
механикалық  қасиеттері  бар  өрмекші  құрылымына  ұқсайтын, 
ақуызды  синтетикалық  талшықтарды  жасау  бойынша  қарқынды 
жұмыстар  жүргізілуде.  Осыған  ұқсас  ақуызды  өндіруге  басқа  да 
продуценттерді  (микроорганизмдерді,  өсімдіктерді)  қолдана отырып, 
қалыңдығы  100  нм  болатын  полимерлі  ақуызды  наноталшықтарды 
алды.  Жұмсақ  және  төзімділігі  жоғары  «өрмекші  жібегі» 
бронекөкірекшесіндегі қатты және майыспайтын кевларды алмастыра 
алады.  «Өрмекші  жібегін»  қолдану  салалары  әртүрлі:  бұл 
хирургиялық  жіптер,  аз  салмақты  және  төзімділігі  өте  жоғары 
бронекөкірекшелер, жеңіл қармақтар, балық аулау заттары. Қазір олар 
аз  мөлшерде  шығарылуда,  бірақ  нанотехнологияның  жылдам 
дамуына байланысты «өрмекші жібегінен» жасалынатын бұйымдарды 
өндірістен шығаруды күту алыс емес. 
Hi-tech  технологиясымен  меринос  жүнінен  жоғары  сапалы 
бұйымдарды  шығару  бойынша  әлемдік  лидер  Woolmark  фирмасы 
айналысады.  Ол  тұтыну  нарығына  Woolscience    -  «ақылды  жүн» 
белгісімен  жаңа  категориялы  тауардың  шығуын  жарнамалады. 
Woolscience  белгісі  бар  таза  жүнді  және  жартылай  жүнді  бұйымдар 
ә
ртүрлі  салаларда  кеңінен  қолданылуда.  Woolscience  бұйымының 
тұтыну  қасиеттері  белсенді  және  ыңғайлы  ылғал  алмасуды 
қамтамасыз  ете  отырып,  қолданудың  ең  қатал  талаптарына  жауап 
береді  (бұйымның  отырып  қалмау  қасиеттері,  отқа  тұрақтылығы, 
экологиялылығы,  төзімділігі,  тозуға  тұрақтылығы,  киімдерді  және 
төсек  орын  қажеттліктерін  дайындау  кезінде,  транспортта  оларға 
сұраныстың    көп  болуымен  қамтамасыз  етеді).  «Ақылды  жүннен» 
жасалған маталар өндірісіне лицензия алған ең бірінші коммерциялық 


179 
 
серіктес,  Melba  Industries  Pty  Ltd  Австралияның  қорғаныс 
Министрлігіне  арналған  Woolscience  төзімді  маталарын  жеткізіп 
отырады.  Жүн  маталардың  бір  кемшілігі  -  олардың  отырып  қалуы 
болып    табылады.  Отырмайтын  өңдеудің  дәстүрлік  технологиясы 
«нөлдік»  отыруды  қамтамасыз  етпейді.  Woolmark  фирмасының 
бұйымдары үйде жуылғанда отырмайтынына сенімді болғысы келетін 
сатып  алушылардың  талаптарын    жүн  топсының  отырмайтын 
өңдеудің  Total  Easy  Care    нанотехнологиясы  қанағаттандыра  алады. 
Woolmark  Total  Easy  Care  әмбебап  күту  белгісімен  таңбалау 
тұтынушыларға  бұйымдардың  сызықтық  өлшемдерінің  100% 
сақталуының  кепілдемесін  береді.  Қазіргі  кезде  «нөлдік»  отырумен 
жүн маталарын және олардан дайындалған киімді Австралия, Қытай 
және  Тайваньда  орналасқан  4  фирма  дайындап  шығарады,  сонымен 
қатар  трикотаждық  иірімжіпті  және  бұйымдарды  шығару  үшін 
өнеркәсіпте  жүн  топсын  өндіреді.  Total  Easy  Care  өңдеу  түрі  киімге 
жоғары  төзімділік  береді  және  тұтынушылар  үшін  бұйымды  сәнді 
етіп көрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет