Интеллектуалды текстиль Ақылды текстиль дамуындағы интеллектуалды бағыт –
көптеген жаңа қасиеттері бар текстиль материалдарын алуды және
оларды қолдану облысын кеңейтуді қамтамасыз ететін технологияны
құрастыру және өнеркәсіптік деңгейде меңгеру. Бұл бағыттағы
жұмыстар бірінші кезекте әскери тапсырыстармен байланысты
болады. «Ақылды» маталар жауынгердің жүрек ырғағын бақылауы
қажет, ал қажет болған жағдайда сәйкес дәріні енгізіп, науқастың
жағдайы туралы белгі беруі қажет.
«Ақылды» маталардан жасалған киім өздігінен тазалануы,
киім ішіндегі кеңістікте қажетті температураны ұстап тұруы,
химиялық
улы
заттарды
бейтараптануы
керек
және
бронекөкірекшенің қасиеттеріне ие болуы қажет.
Әс
кери адамның экипировкасы жеңіл, қозғалысқа кедергі
жасамайтын болып қалуы керек, ал компьютер дисплейі және
клавиатурасы бар байланыс жүйесі тек қана жеңіл ғана емес, сонымен
қатар өзінің пішінін өзгерте алуға қабілетті жұмсақ болуы керек.
Осындай «ғажайыпты» іске асырып, оны мүмкін ету текстиль
өндірісіне ғылым сыйымды технологияларды интеграциялаумен
байланысты болды. Осында жетекші рольді нанотехнологиялар
атқарды.