181
олармен жарысу пайдасыз екенін Еуропа мен Америка түсінді.
Дамыған елдердің байлығы – интеллект болып табылады, бастысы
оны пайдалана білу.
Текстиль саласында нанотехнологияларды меңгеру – жаңа
құрал-жабдықтарды, өңдеу материалдарының жаңа шығарушы
формаларын жасауды, наноэмульсияларды тұрақтандыру және
өңдеумен әсерлерінің жаңа түрлері бар текстиль материалдарының
сапасын бақылау мәселелерін шешуді талап етеді. Әрине, бұл үлкен
материалдық шығындарды талап етеді, бірақ жаңа материалдарды
өндіруге мүмкіндік беретін ғылым сыйымды технологияларды енгізу
– текстильдегі приоритетті бағыт екенін өнеркәсіптік дамыған
елдерде түсінеді, сондықтан «ақылды текстильге» маңызды
инвестициялар салынды. АҚШ, Еуро Одағы және Жапония елдерінде
зерттеулер
белсенді
жүргізілуде.
Аталған
мемлекеттерде
нанотехнологиялардағы әлемдік инвестициялар мөлшері 34,15 және
20% сәйкес. 2000 жылы бұл облыстағы жұмыстардың соммалық
қаржыландыру 800 млн долларға жуық болды, ал 2001 жылы екі есе
көбейді. Эксперттердің пікірі бойынша нанотехнологияларды кеңінен
енгізу үшін жыл сайын 1 трлн. доллардан кем емес шығындар қажет
болады. Бірақ нанотехнологиялардың болашағы зор және әртүрлі
наноөнімдер бүкіл әлемге таралуда.
Достарыңызбен бөлісу: