Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет147/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Наноталшықтар өндірісі. 
 
Наноталшықтарды  әртүрлі  заттардың  пішіні  бойынша 
ерекшеленетін 
нанобөлшектермен 
ә
деттегі 
талшыққұрушы 
полимерлерді  толтыру  немесе  ультра  жіңішке  (диаметрлері 
наноөлшемдер  шектерінде)  талшықтарды  жасау  жолымен  өндіруге 
болады. 
Нанобөлшектермен  толтырылған  талшықтарды  1990  жылда 
өндіре  бастады.  Осындай  талшықтар  аз  отырғыш,  олардың  жаңу 
қабілеті төмен, үзілу мен үйкеліске  беріктігі жоғары және енгізілген 
нанобөлшектерінің  түріне  байланысты  адамға  қажет  басқа  да 
қорғаныс қасиеттерге ие болуы мүмкін. 


177 
 
Талшықтарды  толықтырғыш  ретінде  бір  немесе  бірнеше 
қабырғалы  көміртекті  наноқұбыршалар  кеңінен  қолданылады. 
Наноқұбыршалармен толтырылған талшықтар бірегей қасиеттерге ие 
болады.  Олар  болаттан  6  есе  мықты  және  100  есе  жеңіл  болады. 
Көміртекті  нанобөлшектермен  талшықтарды  олардың  массасынан  5-
20%-ке толтыру, оларға мыспен салыстыруға болатын электрөткізгіш 
қасиеттерді және көп реагенттердің әсеріне химиялық тұрақтылықты 
береді.  Көміртекті  наноқұбыршалар  әрмерлейтін  құрылыс  ретінде, 
жоғары  беріктік  қасиеттері  бар  материалдарды  алу  үшін 
қолданылады:  дисплейлердің  экрандары,  сенсорлар,  сұйық  отын 
қоймалары  және  т.б.  Мысалы,  иірудің  каогуляциялық  технологиясы 
бойынша  алынатын  поливинилспиртті  талшықты  көміртекті 
наноқұбыршалармен  толтырылған  кезде,  ол  болаттан  жасалған  сым 
темірден  120  есе  тұрақты, Кевлар  талшығынан  (дәстүрлі  технология 
бойынша  алынатын  және  бронекөкірекшелерде  қолданылатын  ең 
белгілі  және  берік  арамидті  химиялық  талшық)  17  есе  жеңіл  болып 
келеді.  Осындай  наноталшықтар  қазіргі  кезде  жарылыстардан 
қорғайтын  киім  мен  көрпе  өндірісі  үшін  және  электромагнитті 
толқындардан қорғау үшін қолдана бастады. 
Химиялық  талшықтарды  глинозем  нанобөлшектерімен 
толтырылған  кезде  олар  өте  құнды  және  пайдалы  қасиеттерге  ие 
болады.  Глинозем  нанобөлшектері  ұсақ  үлпектер  түрінде  жоғары 
электр  және  жылу  өткізгіштікті,  химиялық  белсенділікті,  УФ-
сәулелерінен  қорғанысты,  оттан  қорғанысты  және  жоғары 
механикалық  беріктікті  қамтамасыз  етеді.  Құрамында  5%  глинозем 
нанобөлшектері бар полиамидті талшықтардың үзілу салмағы 40%-ке, 
ал иілуге беріктігі 60%-ке жоғарылайды. Осындай талшықтар соғудан 
қорғау құралдар өндірісінде қолданылады, мысалы қорғау каскаларды 
жасау  үшін.  Полипропиленді  талшықтар  қиын  боялатыны  белгілі, 
сондықтан  тұрмыстық  белгілеудегі  материалдар  өндірісінде  оларды 
қолдану облысы шектелген. Полипропиленді талшықтар құрылымына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет