1.1.5. Иіру – иірімжіпті қалыптастыру
Сақиналы иіру машиналарында иіру өндірісінің соңғы өнімі –
иірімжіп өндіріледі. Иірімжіп өзінің қасиеттері бойынша мемлекет
стандарттарының талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл машинада мынандай
процестер жүзеге асырылады: созу, ширату және орау.
Сақиналы иіру машиналары, көбінесе жұмыс бөлшектері екі жақты
симметриялы орналасқан болып келеді. Созбалары 2 бар катушкаларды,
қоректендіру рамаларына 1 орналастырады. Әр созба жүргізгішке 3
сабақталады және созу аспабына түседі. Мұнда созу аспабының екі түрі
қолданылады – екі белдікшелі және бір белдікшелі. Бұл аспаптардың
құрылымды негізгі ерекшеліктері, негізгі созу аймағында 4,15,19
21
белдікшелердің бар болуы. Белдікшелер бірінші шектеулі сызба бойынша
негізгі аймақта талшықтардың қозғалысын қадағалайды. Талшықтардың
қозғалысын жақсылап бақылау, созу кезінде жетерліктей тегіс иірімжіп
алуды қамтамасыз етеді. Орташа созу және қоректендіргіш жұптар
арасындағы созу аспабының қоректендіргіш аймағы созбаны алдын-ала
созуға (1,3-2,5 жоғары емес созу) арналған. Бұл созуды, өндірілетін
иірімжіптің ұзындығы және сызықтық тығыздығы бойынша
талшықтардың тегістігіне тәуелді етіп негізгі аймақта, созу - орташа
сызықтық тығыздықтағы иірімжіптер үшін 20-30, төменгі сызықтық
тығыздықтағы иірімжіптер үшін 25-35 құрайтындай етіп таңдайды (2-
сурет).
Екі белдікшелі созу аспаптарында, жоғарғы белдіктер, белдікшелер
арасында белгілі бір саңылау орнатуға мүмкіндік беретін ауыспалы
клипсалар бар металл клеткаларында 5 болады.
Бірбелдікшелі созу аспабында, диаметрі үлкейтілген орташа қысу
білігі 16, орташа цилиндрдің осьіне салыстырмалы түрде алға
шығарылған. Бұл созудың иілген немесе бүгілген өрісін құрады және 19
белдікше және 16 қысу білігінің арасында болатын талшықтардың
қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді. Белдікше керу шығыршығы 18
бар тербелісті тор көзге 17 кигізілген, бұл – иілген өрісте талшықтардың
созылмалы түрде қысылуын және созу процесінде ұзын талшықтардың
еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.
Созу аспабынан шығатын жіңішкерген созба ширатылады және
иірімжіпке 6 айналады. Иірімжіп үзілген кезде жіңішкерген созба, 14
жіңішкерген созбаны тартып алғыштық 14 саңылауына тартып
жетеленеді. Машинадағы ширату және орау, бір уақытта ширату – орау
механизмі арқылы жүзеге асырылады. Ширату – орау механизмі, жылдам
айналатын ұршықтан 9, сақинадан 7 және жүгіртпеден 21 тұрады.
Сақиналар иірімжіпті төсей отырып, собықтың конус бойымен қайтымды-
үдемелі қозғалыс жасайтын сақиналы планкаға 20 бекітілген. Ұршық,
жетекті 10 барабанды жанап өтетін 11 тоқыма бау арқылы қозғалысқа
келеді. Бір тоқыма бауымен машинаның бір жағындағы екі ұршық
қозғалысқа және басқа жағындағы да екі ұршық қозғалысқа келеді.
Иірімжіп жүгіртпе астына сабақталады және собыққа оралады,
осының нәтижесінде жүгіртпе сақина бойымен айналады, бірақ ұршықпен
салыстырғанда төменгі жылдамдық арқылы жүгіртпенің және ұршық
айналымдарының жиілік ерекшеліктері, иірімжіпті орау шарттарының бірі
болып табылады.
Иірудің әр жүйесінде иірімжіпті иірудің белгілі жоспары бойынша
дайындайды. Иіру жоспары дегеніміз – жартылай дайын өнімнің
сызықтық тығыздығы туралы мағлұматтар, созу және берілген қасиеттері
22
бар иірімжіпті өндіру кезіндегі қабаттар саны. Иіру жоспары машинаның
жылдамдық режимі ширату туралы мағлұматтармен толықтырылады.
Иіру жоспары иірімжіптің сызықтық тығыздығы, оның белгілеуіне
және өңделетін шикізаттың қасиеттеріне байланысты бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |