1.2.3. Аппаратты созба өндірісінің ағынды сызығы Аппаратты созба өндірісінің ең көп қолданылатын ағынды желісі 2-
суретте көрсетілген. Ағынды желіге арнайы құрал-жабдықтарда немесе
жеке ағынды желілерде алдын-ала дайындалған қоспа компоненттері
келіп түседі. Қоспа компоненттері алдын-ала таразыға тартылады және
қоспадағы олардың үлесіне сәйкес мөлшерде беріледі.
Қоспа компоненттері алдын-ала автоқоректендіргіші 1 бар қопсыту
машинасында 2 қопсытылады және араластырылады. Пневмоқұбырды
немесе компонентті конвейерді 3 қолдана отырып, бірнеше қопсыту
машиналарын топқа біріктіреді. Компонентті конвейерден талшықтар
майлау қондырғысына 4 одан кейін пневмоқұбыр бойынша араластырғыш
машиналарына беріледі. Араластырғыш машиналардан дайындалған
қоспа механикаландырылған лабаздарға бағытталады, мұнда қоспа
бірнеше сағат ұсталынады.
Лабаздардан
қоспаны
тарау
аппараттары
8
бойынша
автоқоректендіргіштің 7 көмегімен тегіс бөледі. Көбінесе кәсіпорындарда
бір мезетте құрамы бойынша бірнеше қоспаларды өңдейді, сондықтан да
барлық тарау аппараттарын 2-3 аппарат бойынша топтарға бөледі және әр
аппарат тобына қоспаның бір түрі болатын 3-4 шығынды лабаздарды
бекітеді.