64
түріне және негіз бойынша 1дм-гі жіптер санына байланысты болып
келеді.
Бердо – матаның ені бойынша негіз жіптерді орналастыруды
реттейді және негіз бойына 1дм-гі қажетті жіптер санымен қамтамасыз
етеді. Бердо матаның шетіне арқау жіптерді қосуды жүзеге асырады.
Бердо тістерінің арасында сабақталынатын жіптердің саны –
тоқылатын матаның құрылымына байланысты болып келеді. Кең
ассортиментті маталарда 1-ден 4-ке дейін жіптерді сабақтау қолданылады.
Ал техникалық және арнайы маталарды тоқыған кезде 18-20 және одан да
жоғары жіптер сабақталынады.
Құрылымды ерекшеліктеріне және өлшемдеріне байланысты
бердоның бірнеше түрін ажыратады. Еніндегі тістер санына байланысты
бердоны нөмірі бойынша ажыратады. Бердоның нөмірі дегеніміз –
бердоның 1дм-дегі тістер саны. Бердоның метрлі нөмірін мына формула
бойынша анықтайды:
ф
у
о
б
в
а
Р
N
100
/
1
(11)
мұндағы:
о
Р
-1 дм-дегі негіз жіптердің саны;
у
а
- арқау бойынша матаның қысқаруы, %;
ф
в
- матаның фоны бойынша бердоның тістері арасында
сабақталынатын жіптердің саны.
Сабақтау қолмен, жартылай механикалық және механикалық
ә
дістермен жүзеге асырылады.
Негіз жіптерді
қолмен сабақтау, көбінесе жіп өткізу станоктарында
жүзеге асырылады. Сабақтау станогында 2 адам қызмет көрсетеді.
Сабақтау станогында өндіру нормасы 1 сағатта 1000-200 жіптерді
құрайды, сабақтау түріне, ремизкалардың санына және жұмысшылардың
біліктілігіне байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: