Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет58/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

 
2.2.   Мата құрылымы 
 
Мата  құрылымы  негіз  бен  арқау  жіптің  өзара  орналасуымен  және 
олардың  арасындағы  байланыспен  сипатталады.  Матаның  құрылымы 
көптеген факторлармен анықталынады, негізгілері мыналар: 
-  жіп алынған шикізаттың түрі; 
-  негіз  бен  арқау  жіптердің  сызықтық  тығыздығы  және  осы 
тығыздықтардың қатынасы
-  матаның  1  см-дегі  негіз  бен  арқау  жіптердің  саны  және  осы 
сандардың қатынасы; 


67 
 
-  тоқымашылық  процесіндегі  негіз  бен  арқау  жіптердің  керілуі 
және керілу қатынасы; 
-  тоқу станогын сабақтаудың технологиялық параметрлері. 
Матаның құрылымын оның үлгісін талдау негізінде зерделейді. Мата 
үлгісін  талдау  нәтижелері  бойынша  матаның  сабақтау  есебін  жүргізеді 
және  тоқу  станогын  сабақтаудың  технологиялық  параметрлерін 
анықтайды.  Дайын  матаның  құрылымы  өңдеу  параметрлеріне,  матаның 
отырып қалуы немесе ұзарып кетуіне, оның тұрақтылығына және тағы да 
басқаға  байланысты  болып  келеді.  Матаның  құрылымы    оның  физика-
механикалық қасиеттерін анықтайды: төзімділігін, ұзаруын, қаттылығын, 
мыжылғыштығын,  тозуға  тұрақтылығын,  гигроскопиялығын,  ылғалды 
өңдеуге  отырып  қалуын,  жылу  қорғанышты  қабілеттілігін  және  тағы  да 
басқа қасиеттерін. 
Тоқу  станогында  мата  қалыптасқан  кезде  негіз  және  арқау  жіптер, 
ремизканың көтерілу тәртібін анықтайтын бағдарламаға сәйкес белгілі бір 
ретпен өзара айқасады. 
Тоқыма өрімдері шартты түрде тор көзді қағазда бейнеленеді; негіз 
жіптер  вертикаль  жолақтармен,  арқау-горизонтальды.  Негізгі  жіптердің   
есебі  солдан  оңға  қарай,  арқау  жіптердікі  төменнен  жоғары  қарай 
жүргізіледі.  Негіз  және  арқау  жіптердің  қиылысқан  жерлерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет