Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет64/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Қиыстырылған  өрімдер.  Олар  ұсақ  өрнекті  өрімдер  класына 
жатады. Қиыстырылған өрімдерді әртүрлі негізгі және туынды өрімдерді 
қиыстыру  арқылы  алады.  Тоқылу  тәсіліне  және  сыртқы  түріне 
байланысты  қиыстырылған  өрімдерді  келесі  топтарға  бөлуге  болады: 
крепті;  вафельді;  ши-ши;  бойлық  және  көлденең  жолақтары  бар, 
квадраттары бар және тор көздері бар және тағы да басқа. 
 


74 
 
Күрделі өрімдер 
 
Негізгі,  туынды  және  қиыстырылған  өрімдерді  тұрғызу  үшін  негіз 
және арқау жіптердің бір жүйесі болса жеткілікті. 
Күрделі  өрімдерге  негізгі  немесе  арқау  жіптердің  екі  және  одан  да 
көп  жүйесі  немесе  негіз  және  арқау  жіптердің  бірнеше  жүйелері  талап 
етілетін  өрімдер  жатады.  Негізгі  және  арқау  жіптердің  әр  жүйесі, 
маталардың  бірнеше  қабаттарын  жасап,  бірінің  астына  бірі  орналасады, 
сондықтан  матаның  ішкі  және  сыртқы  жағы,  өз  бетінше  өрім  түрінде 
болады. 
Күрделі өрімді маталардың раппорты көп жіптердің санынан тұрады. 
Сондықтан  күрделі  өрімді  мата  өндіру  үшін  ремизкалардың  үлкен  саны, 
сабақтаудың  ерекше  түрлері,  арнайы  құрылымды  тоқу  станоктары  талап 
етіледі.  Күрделі  өрімдерді  тұрғызу  үшін  әртүрлі  негізгі,  туынды  және 
қиыстырылған өрімдер негізін алады. 
Матаның құрылымына және қалыптасу тәсіліне байланысты күрделі 
өрімдер  біржарым  қабатты,  қап  тәрізді,  екі  қабатты,  көп  қабатты,  тіке, 
түкті, ілмекті және селдір болып бөлінеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет