77
айқаспалардың ішіндегі біреуінің раппорты төрт элементтен тұратын
сабақтау суреті көрсетілген. Бұл айқаспада саржалы сызық жолақтарының
орналасуы 20-суретте көрсетілген айқаспа сызықтарына ұқсас. Ұсынылып
отырған жаңа айқаспа келесілермен ерекшеленеді: әртүрлі бағыттағы
саржалық сызықтар екі түрлі әдіспен қиыстырылады, яғни негізгі
жабындылар арқаулық жабындыларға қарама-қарсы орналасады немесе
қиылысқан кезде негіз бойынша сынық саржа қалыптасады. Жаңа
айқаспаның негіз және арқау бойынша раппорты 16 тең, бірақ ол негіз
бойынша әртүрлі айқасатын жіптерден және арқау бойынша 8 әртүрлі
айқасатын жіптерден құрылған. Оны өндіру үшін 6 ремиза қажет, ал
картонда 8 әртүрлі күзу болады. Айқаспа көлденең жолақтардан тұрады,
ә
рбір жолақтың ені арқау бойынша 4 жіпке тең (21-сурет). Жолақтар
қайтымды саржа 2/2 айқаспаның күшейтілген раппортынан жасалған.
Қайтымды саржаның жоғарғы жағы көршілес жолақтардағы 4 негіз жіпке
жылжытылған. Көлденең жолақтарды алу үшін екі қатарлы «арқау
бойынша сабақтау» қолданылған. Екі қатардың әрбіреуінде қайтымды
жылжытылған «арқау бойынша сабақтау» қолданылған, бұл негіз жіптері
арқау жіптеріне қарама-қарсы орналасқан көлденең жолақтардың
қиылысуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: