Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Ірі өрнекті жаккард өрімдері



Pdf көрінісі
бет65/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Ірі өрнекті жаккард өрімдері 
 
Раппортында  негіз  бойынша  32-ден  жоғары  айқасатын  жіптері  бар 
маталарды  ірі  өрнектілер,  жаккардтылар  деп  атайды.  Сурет 
композициясына  байланысты  мұндай  маталардың  раппорты  негіз 
бойынша бірнеше мыңдаған жіптерден тұруы мүмкін. Ірі өрнекті маталар 
жаккардты  машина  деп  аталатын  күзу  ашу  механизмдерімен 
жабдықталынған, тоқу станоктарында өндіріледі. 
Құрылымы  бойынша  ірі  өрнекті  маталар  қарапайым  және  күрделі 
болып  бөлінеді.  Қарапайым  ірі  өрнекті  маталар  негіз  және  арқау 
жіптерінің  бір-бір  жүйелерімен  өндіріледі.  Өрімнің    раппорт  шектеуінде 
бір  негізгі  жіпті  көтеру  және  түсіру  үшін  бір  ілгек  және  жаккард 
машинасының бір горизонтальды инесі қажет етіледі. 
Күрделі  ірі  өрнекті    маталарды  өндіру  үшін  негіз  немесе  арқау 
жіптердің  бірнеше  жүйелері,  немесе  бір  мезетте  негіз  және  арқау 
жіптердің  бірнеше  жүйелері  қажет  етіледі.  Құрылымы  бойынша  ірі 
өрнекті  маталар  бір  жарым  қабатты,  екі  қабатты,  көп  қабатты,  түкті, 
махерлі және селдір болып бөлінеді. 
Ірі өрнекті маталардың  үлкен емес (200 жіпке дейін), орташа (200-
800 жіптер) және үлкен (800 жіптен жоғары) раппортты болуы мүмкін. 
 
 


75 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет