Негіз және арқау бойынша бірдей айқасатын жіптері бар ұсынылып
отырған қиыстырылған саржалардың айқаспалары сыртқы түрі және
негіз бен арқау жіптерінің саны бойынша әртүрлі болып келеді. 23-суретте
компьютерлік модельдеу жолымен алынған матаның суреті көрсетілген,
оның айқаспасы 21-суретке сәйкес. 22-суретте негіз және арқау бойынша
айқаспа раппорты 32 жіпке тең матаның суреті көрсетілген, бұл айқаспа
негіз бойынша 18 әртүрлі айқасатын жіптерден тұрады, яғни оны тоқу
үшін 18 ремизалар қажет етіледі.