101
Соңғы формула машинаның өнімділігін жоғарылатудың екі әдісі бар
– ілмекқалыптастыру жүйелерінің санын q және цилиндр айналымының
жиілігін n көтеру керек екендігін көрсетеді.
Ал тілшелі инелері бар бірфонтурлы шеңберлі тоқу машиналарының
салыстырмалы қарапайым құрылғылары болады. Оларды зерделеу немесе
оқып үйрену - трикотаж өндірісіндегі барлық машиналарды толығымен,
сонымен қатар күрделі машиналардың және автоматтардың жұмыс істеу
принципін және құрылғыларын түсіну шартты болып табылады. Шеңберлі
тоқу машиналары ілмекқалыптастыру жүйелерінің үлкен санымен
сипатталады. Олардың классы 28 дейін жетуі мүмкін. Бірақ ең көп
қолданылатын классы 22 болып табылады. Бұл машиналарда, іш-киім
бұйымдарын дайындауға арналған жаймалар өндіріледі. Бұл
машиналардың техникалық сипаттамасы 8-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: