Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет159/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Міржақып Дулатұлы  (1885–1935) – Алаш 
қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын.
Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты тұңғыш 
жыр жинағы 1909 жарық көрді. Онда:
Көзіңді аш, 
Оян, қазақ, 
Көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! –
деген сөздері халықтың еркіндікке жету ұраны 
болды. Осы еңбегі үшін қуғынға ұшырап, бір 
жыл түрмеге қамалады.
Оның  «Бақытсыз Жамал», «Азамат», «Тер-
ме», «Қазақтар мен қырғыздардың шығу тари-
хы» деп аталатын еңбектерінде халық мүддесін 
қорғау, елін, жерін сүю сөз болады. Орынбордағы 
«Қазақ» газетінде А.  Байтұрсынұлымен бірге 
жұмыс істеді, оның серігі болды. «Ақ жол», 
«Еңбекші қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақ-
стан» журналында еңбек етіп, аудармашы-
лықпен де айналысты.
М. 
 
Дулатұлы түрмеден жолдаған хатында 
былай деп жазады: «...Мен өзімнің бейшара 
халқымның осы құлдық жағдайынан шығуына 
көмектесуді өз борышым деп санадым. Саяси 
саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай ал-
мадым деп санаймын, ал қазір Кеңес өкіметіне 
қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ 
ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда 
көргім келген тілегім ғана».
Алаш қозғалысының қайраткерлері өз хал-
қының теңдігі мен бостандығы үшін аянбай 
еңбек етті. Олар азаттық жолындағы күрестің 
көшбасшылары болды. 
Алаш қайраткерлерінің арманы тек 1991 жы-
лы 16 желтоқсанда орындалып, еліміз шына йы 
тәуелсіздікке қол жеткізді. 
 
Алаш  қайрат кер-
лерінің қызметіне 
сипаттама бер.
 
Ә. Бөкейханұлының 
өмірі мен қызметі  
туралы әңгіме  
дайындап кел.
 
А. Байтұрсынұлы 
қандай оқу  
құрал дарын  жазды?
 
М. Дулатұлының 
қандай еңбектерін 
білесің?
Міржақып Дулатұлы


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет