Ахмет Байтұрсынұлы(1873–1938) – Алаш
қозғалысы жетек шілерінің бірі, қазақ тіл білі-
мінің негізін қалаушы, дарынды ақын, қоғам
және мемлекет қайраткері, бірқатар оқу құрал-
дарын жазған ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы және бірқатар қазақ зия-
лылары патша үкіметінен қазақ балала рының
сауатын қазақша ашу, ол үшін оқу құралдарын
дайындауды талап етеді. Ол осы жұмысты өзі
бастайды. Қазақ тілінде тұңғыш «Әліппе» мен
«Ана тілі бойынша оқу құралын» жазады.
Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда «Қазақ»
газетін шығаруға басшылық жасады. Газеттің
атын неге «Қазақ» деп атағандығы тура-
лы А. Байтұрсынұлы: «Ұлт үшін деген істің
ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет
ету қазақ баласына міндет... жол ұзақ, ғұмыр
қысқа, қолдан келгенше халыққа жақсылық
істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп,
халық үшін қам қылмай, қарын тойғанға мәз
Ахмет Байтұрсынұлы
Алаш партиясы қашан
құрылды?
«Алаш азаматы»
деген ұғымды қалай
түсінесің? Ойыңды
нақты мысалдармен
дәлелде.
Жалпықазақ съезі
қандай маңызды
мәселелер қарады?
154
болмайық... Бұл газеттің мақсаты – қазақ ара-
сына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету;
басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныс-
тыру» деп жазады.