2. түркістан-сібір теміржолы. Бұл құрылыс
1927 жылы басталып, 1931 жылы 1 қаңтарда
пайдалануға берілді. Түркісіб теміржолы ар-
қылы Сібірден Орта Азияға астық пен өнеркәсіп
тауарлары тиелген пойыз
дар жөнелтілді. Ал
Орта Азиядан өнеркәсіпті орта лықтар мен то-
қыма фабрикаларына мақта тасылды. Жол дың
ұзындығы 1500 кило метрге жетті.
Теміржол шөл дала мен тау жоталарын ба-
сып өтті. Шөлді жерде рельс тарту өте қиынға
түсті. Рельстер, шпалдар мен қиыршық тастар
түйемен тасылды. Жұмысшыларға азық-тү лік
пен ауыз су қатаң норма бойынша берілді.
Түркісіб құрылысында
100 мыңдай адам жұмыс
істеді. Онда түрлі ұлт адам-
дары: орыс, қазақ, өзбек,
түрікмен, тәжік, т.б. ең бек
етті.