181
М. Әуезов Абай арқылы қазақ халқының та-
рихын, өмір-тіршілігін, күрес-тартысын, әдет-
ғұрпын аса шеберлікпен суреттейді.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»
рома ны –
тарихи шығарма. Романда ежелден азаттық қа
ұмтылған, тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тарихы ба-
яндалады. Жазушы былай деп жазады: «Ке-
несары ханға қатысты XIX ғасыр оқиғаларын
зерттей келе, мен осы
өткен тарихи оқиғалардың
бәрінен де қасіретті адамның тұлғасын көрдім.
Ол маған бүкіл күрделі мінезімен, табыстары-
мен, сәтсіздіктерімен көрінді де, мен ол жайында
роман жазып шықтым. Ақтаған да, қаралаған
да жоқпын,
өмірде қалай болса, солай етіп
жаздым», – дейді. Бұл кітап көп таралыммен
шығарылып, отыз тілге аударылған.
Елімізде жыл сайын 30 млн.-нан
астам кітап
шығарылды. 13 мыңға жуық кітапхана жұ мыс
істеді. А.С. Пушкин атындағы (бүгінгі Ұлттық)
кітапханада 95 млн. дана кітап қоры болды.
Қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс тілдерінде
газет-журналдар шығып тұрған.
3. Өнер. Қазақ кино өнерінің қалып тасуына
соғыс жылдары Алматыға көшіп келген «Мос-
фильм» және «Ленфильм» студия-
лары кино
шеберлерінің ықпалы
зор болды. Қазақ киносының өр-
кенде уі талантты режиссер әрі ак-
тер
Шәкен Аймановтың есімімен
тығыз байланысты. Ш.
Айманов
«Ма
хаббат туралы аңыз», «Біз
осын
да тұрамыз», «Алдар Көсе»,
«Та
қиялы періште», «Атаманның
ақыры», т.б. фи льм де рін түсірді.
КСРО және Қазақ КСР Мем
ле-
кет тік сый лықтарының ие герлері,
көр нек ті өнер қай рат керлері Нұр-
мұхан Жантөрин, Ыдырыс Но-
Мұхтар Әуезов
Қазақ КСР халық әртісі
Шәкен Айманов фильм
түсіру үстінде. 1960 ж.
182
ғайбаев, Серке Қожамқұлов, Зәмзә
гүл Шәрі-
пова, Әмина Өмірзақова, Кәукен Кенжетаев,
Торғын Тасыбекова, Фарида Шәріпова және т.б.
қазақ киносының айтулы шеберлері халыққа
танымал болды.
Алматы театрларынан басқа облыс орта-
лықтарында орыс, қазақ, корей,
ұйғыр театр-
лары жұмыс істеді. Сахна шеберлері Күләш
пен Қанабек Байсейітовтер, Шара Жиенқұлова,
Роза Жаманова, Роза Бағланова, Ермек Серкеба-
ев, Бибігүл Төлегенова сияқты атақты әншілер
шығармашылық табыстарға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: