184
V бөлім
тәУелсіз
ҚазаҚстан
§58. Қазақстан республикасы –
тәуелсіз, егемен мемлекет
1. Қазақстан республикасының құрылуы.
1991 жылдың желтоқ
санында
аса маңызды
тарихи оқиғалар болып өтті. Олардың ең бас-
тысы – аса қуатты
мызғымас держава болып
саналатын КСРО-ның ыдырауы. Бұдан кейін
Кеңес Одағы деп
аталатын бір мемлекеттің ор-
нына 15 дербес егемен республика пайда бол-
ды. КСРО құрамында болған республикалар
еркіндік алды, әрқайсысы
өз алдына тәуелсіз
мемлекеттерін құрды.
«Тәуелсіз» деген сөз толық ерікті,
бағынышты
емес деген ұғымды білдіреді.
Тәуелсіз мемле-
кет – ешкімге бағынышты емес,
жеке-дара еге-
мен мемлекет.
1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңестік Со-
циа листік Республика сының егемендігі туралы
Декларация» қабылданды. 1991 жылы 16 жел-
тоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемле-
кеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды құжат
қабылданды. Осы күннен
бастап респуб
ли
ка-
мыз – дербес, егемен мемлекет.
1991 жылғы
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған күн.
Бұл айтулы дата жыл сайын Тәуелсіздік күні
ретінде атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының және оның
атқарушы үкіметінің басшысы Президент бо-
лып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: