Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


   Қазақстан республикасының 1995 жыл-



Pdf көрінісі
бет199/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.   Қазақстан республикасының 1995 жыл-
ғы Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда – 
жаңа Конститу ция  қабылданды.  Конституция 
9 бөлім, 98 бап тан тұрады. Әрбір Қазақстан 
азаматы – үлкені де, кішісі де, жас жеткіншек 
балалары да өз елінің Конституциясын жақсы 
білуі тиіс. Қазақстан Республикасының аза-
маты болу – зор құрмет. Біздің барлығымыз 
да «Қазақстан Республикасының азаматы» 
деген мәртебелі атаққа лайықты өмір сүруге 
міндеттіміз.
1995 жылғы 30 маусым 
мен 30 шілде аралығында 
еліміздің Негізгі Заңының 
жобасын бүкілхалықтық 
талқылау өткізілді. Мем-
лекет атауы сол тұста «Қа-
зақ Республикасы» деп 
аталған еді. Конститу ция 
жобасын талқылау бары-
сында 1991 жылы қабыл-
данған «Қазақстан Рес-
публикасы» атауы қайтып 
оралды.
 
Қазақстан  Рес пуб-
ли касының  азамат-
тары тең құқылы 
дегенді қалай 
түсінесің
?
 
Қазақ стан  Республи-
ка сының  азаматтары 
деп кімді айтамыз?


187
Еліміздегі жоғарғы заң шығарушы орган – 
Парламент.  Қажет болған жағдайда Парла-
мент негізгі заңға өзгертулер мен толықтырулар 
енгізе алады.
Қазақстан Республикасы азаматының негізгі 
құқығы – әркімнің еңбек ету бостандығы, қыз-
мет және кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы 
болуы. Адал еңбек ету, еңбек тәртібін бұзбау – 
әрбір азаматтың абыройлы ісі.
Конституцияның 29-бабына сәйкес, респуб-
лика азаматтары тегін кепілді медициналық 
көмек алу құқығына ие.
Конституцияның 30-бабында: «Азаматтардың 
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бі-
лім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу 
міндетті» деп атап көрсетілген. Біздің мектеп-
те оқып, орта білім алуымыз міндетті болып  
табылады.
Конституция бізге құқықтармен қатар мін-
деттер де жүктейді. Еліміздің әрбір азаматы 
өз құқықтары мен міңдеттерін біліп, оны адал 
орындауы керек.
36-бапта: «Қазақстан Республикасын қор-
ғау – оның әрбір азаматының қасиетті боры-
шы және парызы» деп атап көрсетілген. Демек,  
Отанды қорғау – барлығымыздың азаматтық 
 
бо ры шымыз. 
Қазақстан Республикасының Конституция-
сына сәйкес, оның әрбір азаматы Конститу-
ция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың 
құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен 
ар-намысын құрмет теуге міндетті.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құр-
мет 
теуге, тарихи және мәдени мұралардың 
сақталуына қамқорлық жасауға, табиғат бай-
лы қ тарын  қорғауға  міндетті.
 
Тәуелсіз  Қазақ стан-
ның тұңғыш Консти-
туциясы қашан 
қабылданды?
 
Жаңа Конституция 
қашан қабылданды?
 
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының 
қандай құқықтары бар?
 
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының 
міндеттері қандай?
 
Конституцияның  
19-ба бында:  «Әркім   
ана тілі мен төл 
мәдение тін  пайда ла-
нуға,  қа рым-қатынас, 
тәр бие, оқу және 
шығар машылық 
тілін еркін таңдап 
алуға құқылы» деп 
жазылған. Осы бап-
ты қалай түсінесің? 
Ойыңды нақты мы-
салдар келтіре оты-
рып дәлелде.
1.  Қазақстан  Респуб ли ка-
сының Конституциясы:
а) азаматтардың 
міндеттері
ә)  баршаға арналған 
құқық
б)  мемлекеттің негізгі 
заңы
2. Конституция 
қабылданған күн:
а) 1993 ж. 10 қаңтар
ә)  1995 ж. 10 тамыз
б)  1995 ж. 30 тамыз


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет