16. АЙТОЛДЫ ЕЛІККЕ ДƏУЛЕТ СИПАТЫН ƏҢГІМЕЛЕЙДІ
Күлді Айтолды: — Ұқтым, — деді, — өзіңді,
Сұрап қалдың, енді естігін сөзімді.
Істің мəнін ұғып қойдым талдадым,
Қажет енді сенің ұғып алғаның.
Міне, алдыңа жеттім, келдім тосылмай,
Көрдің өзің: мінез-құлқым осындай.
660 Орын бердің, отырмадым оныңа —
Ұқсын деп ем: «Орным жоғын сорыма».
Сөзді растап: тобығымды төседім —
Ұсқынымды көрсін деген есебім.
Орның жоқта, тобыққа — сор, сезгемін,
Мен, Құт-Дəулет, сол тобықтай кезбемін!
Көзім жұмдым, мейіріммен қарап ең,
Түр, пейілімді танысын деп санап ем!
Мен Дəулетпін, көзім соқыр, — дегенім,
Кім жұғысса, соны ұстап ап, еремін...
665 Сен сұрадың — жауабымды асырдым,
Қарап едің — мен жүзімді жасырдым.
Бұл қылығым: Айнып кете беремін,
Тұрақсызбын, маған сенбе! — дегенім.
Енді тыңда түрік мақал-нақылын,
Көпті көрген ақсақалдың ақылын:
«Құтты кісі «Құттымын!» — деп лепірме,
Даңқты кісі даңқыңды айтып есірме.
113
Бір орында Су, Сөз, Дəулет тұрмайды,
Жиһангерлер жүре бермей тынбайды...
670 Құт опасыз ұшып-қонба тегінен,
Тайғақ табан, қонбай жатып жеріген...»
Достарыңызбен бөлісу: |