Еліктің Айтолдыға жауабы
Елбасы айтты: — Ұқтым адал сөзіңді,
Өз күнəңнан алдың аршып өзіңді.
Айтқын енді маған қадір-даңқыңды,
Сөзің — өктем, сезбейсің тіл тартуды...
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Құт көзімін, бек сенем,
Елге игілік тисе — тиер тек менен.
Қылығым — оң, жасым кіші, қарасаң —
Барша ұлылық, бектік менен тарасар...
675 Жүзім нұрлы, сырлы қылық, құлығым,
Бар тілекке жетті қолым, құрығым.
Қайда болсам, сонда арман-тілегім,
Жүргені еріп, артып маған білегін.
Сабырым бар: төзбес безер тозағы...
Шаттығым бар: уайым өзі-ақ тозады...
Маған қарсы жан азаппен өтеді,
Бой ұсынған, мұратына жетеді!
Мені ұрамын деген өзі ұрылар,
Көр дайындаған, сол көрге өзі жығылар...
680 Мұны меңзер келді сөздің кезегі,
Ұққан жанға толған ақыл өзегі:
«Қайда болсын, құтқа пейіл-бойды бер,
Егер құтқа ерсең, жаулас қайғымен!
Бақыт қонса, құтқа толар күндерің,
Ті-ле-гің-ді... талғап... өмір сүр, керім!
Достарыңызбен бөлісу: |