Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Білдім қылық, тегіңді,
Із қала ма жүріп өткен жеріңде?..
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Жарда ойнаған киікпін,
Сол мінезбен сүйікті һəм күйікпін.
Ұшқырмын мен, іздеген жан таба алмас,
Тапқанымен, мəңгі ұстап қала алмас.
700 Қатты ұстаса ер, болса ақылдың ұстасы,
Қаша алмаймын одан, сөздің қысқасы!
Еліктің Айтолдыға сауалы
Елбасы айтты: — Мықтап шырмап алатын,
Қандай кісен сені ұстап қалатын?!
(—
Сені ұстайтын бар ма қамал, бар ма амал?
Деді Елбасы, — сақтаушың кім таңдаған? )
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Берік кісен бірнешеу,
Мен санайын деген болса — із кесем:
Іздеген жан, болса жібек мінезді,
Көңілі пəк, тілі майда, жігерлі.
Ұстаса өзін, мекерлікті білмесе,
Жауыз істің маңынан да жүрмесе.
705 Жиған малын ысыраптап шашпаса,
Құлқын түзеп, жөн-жосыққа бастаса.
Құрмет қылса үлкендерге өзінен,
Кішілерге мейірім төксе сөзімен.
Паңдықпенен қорсынбаса кісіні,
Күлкі қылып, басынбаса кішіні.
(Кісілерді кішіктікпен тыңдаса,
Кіші сөзін аяқ асты қылмаса.)
116
Тектен-текке шарапқа аран ашпаса,
Тектен -текке несібесін шашпаса.
Қол мен тілін бос ойыннан сақтаса,
Қылық-құлқын оңдап, жөнсіз лақпаса.
710 Міне, осылар баянсыз құт кісені,
Кісендесе, қашпайды, өзі-ақ түседі.
Бұған куə шайыр сөзі мынадай,
Шайыр тілі — көзіңді ашар шырадай:
«Дəулет үркек, ор киікке ұсаған,
Егер келсе, тізгінде де, тұсап ал!
Тұта білсең, дəулет тозып, безбейді,
Қолдан шықса, қайта айналып келмейді!»
Достарыңызбен бөлісу: |