Соны көріп, имендім, түсінерсің.
121
Бұдан да ойлы бек сөзі жеткен маған:
«Ашулы бектер болар өрттен жаман!
780 Ай, момын! Бектер мінсе қаһарына,
Жақын тұрма. Қаларсың шатағына!»
Ашу қысса бектерді, ол бір қатер,
Алыс тұрғын — кеселі тиіп кетер.
(Буырқанып бектерді ашу қысса,
Алыс жүр — күнді айнала ұшқан құсша.)
Мұны меңзер бір сөздің жөні, міне,
Келді, мықтап түйіп ал көңіліңе:
«Ашу мінген бектерге барма жуық,
Барсаң, кетер қадірің — қайта қуып.
Арыстандай айбатты, гүр-гүр етер,
Қаһарына іліксең — басың кесер!»
Достарыңызбен бөлісу: