Жайдым ірікпей сыр мен шама əлімді.
Мені ұстаудың, айттым, білсін тəсілін.
117
Обалым не, жете алмаса құр текке...
Мен — киікпін, үйренбегем бүлкекке!
Не дейді екен қариялар сарапшыл,
Қарттың сөзі — құттың көзі, тағат қыл:
«Құт та келер, тұта алмасаң — озады,
Дүние берер, тұта алмасаң — тозады!
725 Мықтап ұста баяны жоқ бағыңды,
Ұстамасаң, жоғалтарсың барыңды!
(Келген құтты тұта алмасаң — лағады,
Берген малды баға алмасаң — алады.
Қонған құттың біл қасиет-қадірін,
Қадірді ұққан — көрмес тірлік жəбірін!)
Құтты кісі өзін-өзі сақтасын,
Жайсыз істің маңайын да баспасын!
Өзің таза, тура жолмен жүрсеңіз,
Бақыттының бағы сол ғой білсеңіз!
Достарыңызбен бөлісу: