Салима Симбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ
Казақстан, Өскемен қ.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ –
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға талдау
жасалған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың
негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетілген. Репродуктивті және конструктивті
әдістерге салыстырмалы талдау жасалған.
Түйін сөздер: сындарлы оқыту, сындарлы оқыту философиясы, білім,
дағды, шеберлік.
Заман талабы алға тартып отырған функционалдық сауаттылық оқушы
бойынан пәнге қатысты теориялық білім мен қоса оны өмірдің әр саласында
тиімді қолдана білуін талап ету қағидаты негізінде туындап отыр.
Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы
әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде оқушының әлеуметтік
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ,
өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық
сауаттылықты қалыптастыруды жүзеге асырудың негізгі кілті - сындарлы
оқыту. Сындарлы оқытуда соңғы жетістікке жетуге дейін оқушы мұғалім
ұсынған әртүрлі стратегиялар арқылы бірнеше әрекеттер негізінде біртіндеп
құрастыра отырып, білімнің тұтас картинасын шығарады. Кейбір еңбектерде
құрастырушы білім беру деп беріліп жүруі сол себепті болса керек.
Сындарлы оқытуға тән ерекшеліктер:
- оқушылар күні бұрын және сабақ үстінде берілген тапсырмаларды
орындауда қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады;
- оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі;
- өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді;
- өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге дағдыланады;
- бірін-бірі бағалау, бір-біріне пікір айту арқылы шыншылдық, әділдікке
дағдыланады;
- өзгенің пікірімен санасуға үйренеді;
- әртүрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады;
- өз пікірін қорғай және дәлелдей алады;
- топпен жұмыс істеуге үйренеді;
526
- алған білімін өмірлік әртүрлі жағдаяттарда ұтымды пайдалануға
дағдыланады;
- бірін-бірі оқыта отырып, сөйлеу, тыңдау мәдениеті қалыптасады;
- ізденушілік қабілеті дамиды;
- сыни ойлауға үйренеді;
- өзін-өзі тәрбиелейді.
Сындарлы оқыту – бұл оқушы өзінің тәжірибесі мен бұған дейін білетін
білімі негізінде жаңа білімге қол жеткізетін шығармашылық, әрекеттік-
операционалдық оқыту. Сындарлы оқыту философиясы – шығыс және
батыстық оқытудың синтезі; бұл - жеке білімнен тұтасқа және керісінше
тұтастан жекеге өту. Ондай оқыту тек оқу үдерісі ғана емес, оның
компоненттерін де өзгертуге бағытталған оқушы мен мұғалім әрекетінің
өзгерісіне әкеледі. Дәстүрлі оқытудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып
табылатын: «білім», «дағды», шеберлік» ұғымдары ақырын ғана «түсіну»,
«білу», «қолдану», «жинақтау», «бағалау» сияқты ұғымдарға ауысады.
Ф. Бунятова пікірі бойынша сындарлы оқыту арқылы өз тәжірибесі мен
жинақтаған білімі негізінде оқушы ойлау жүйесінің жұмысы арқылы өзінің
жаңа білімін, өз әлемін, түсінігін қалыптастырып, білімнің тұтас кеңістігін
құрады [1]. Сындарлы оқыту көбінесе операционалдық-шығармашылық
сипатта болады. Оқушылар өздерінің ішкі түйсік, болжаулары арқылы жаңа
дүние жасайды, ойлап табады, оларды құрылымдайды, Сөйтіп, білімді
меңгеруде оқушы логикалық операцияларды жасай отырып, оларды бойына
сіңіреді. Егер оқушы жеке жұмыс жасаса, бұл шығармашылық даралық, ал
басқалармен қоғамдастықта әрекет етсе, кооперативтік болып табылады.
Ф. Бунятова сындарлы оқыту философиясын американдық ғалым Д. Брунердің
оқыту философиясымен ассоциацияда қарастырады. Американдық ғалымның
пайымдауынша өз тәжірибесі туралы ойлана отырып, өмір туралы, әлем туралы
өзінің дербес түсінігін қалыптастырады.
Ф. Бунятова ұсынған сындарлы оқытудың қағидаттары.
Достарыңызбен бөлісу: |