Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


Нұргүл Бредімұратқызы Айдарханова



Pdf көрінісі
бет7/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Нұргүл Бредімұратқызы Айдарханова  

«Жетыарал орта мектебі» КММ 

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА 



МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Қазіргі кезде мектептердің басты мақсат-жедел дамып келе жатқан ортада 

өмір сүруге қабілетті,  өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге,өз құқығын 

өз  қалаулары  мен  қоғам  талабына  сай  өзін  көрсете  білетін,  жоғары  білімді, 

ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  және  әлемдік  мәдениетті 

бойында қалыптастырған,  бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке 

тұлғаны  қалыптастыру.  Ұсынылған  баяндамада  оқушының  ақпараттық 

құзыреттіліктерін 

дамытуда 

математикалық 

сауаттылығын, 

АКТ-


технологияларды  дамыту  әдістері  жайлы  сөз  қозғалған.  PISA  халықаралық 

зерттеу тапсырма мысалдары ұсынылған. 

 

Түйін  сөздер:АКТ-технологиялар,  құзыреттілік,  PISA  халықаралық 

зерттеу. 

 

Елбасымыздың  жүргізіп  келе  жатқан  сындарлы  саясаты  ұрпақ  тәрбиесі 



мен  біліміне  көрсетіп  отырған  қолдауы,  сергек  ойлы  азаматтарына  үлгі  екені 

рас.  Ия,  қазіргі  заман  білімгерлерінен  тек  өз  мамандығын  терең  білгірі  болу 

емес,  тарихи-танымдық,  педагогикалық-психологиялық  сауаттылықты  талап 

етеді.  Бүгінгі  таңда  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  міндет  -  білім 

берудің  ұлттық  моделіне  өту  арқылы  жас  ұрпақтың  деңгейін  халықаралық 

дәрежеге  жеткізу.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  2015  жылға  дейін 

дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты-Қазақстан 

Республикасының  2015  жылға  дейін  Стратегиялық  даму  жоспарының 

басымдықтары  негізінде  елімізде  көп  деңгейлі  үздіксіз  білім  берудің  ұлттық 

моделін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеру 




20 

 

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл 



кезең  ақпараттық  кезең,  яғни  компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты 

барлық  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар  (АКТ)  педагогтар 

қызметінің  барлық  салаларына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына  айналып  отыр. 

Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі 

ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және 

т.б., тіркестермен тығыз байланысты. 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму 

стратегиясының  негізгі  бағыттарының  бірі,  себебі  ХХІ  ғасыр  –  білім  беру 

жүйесін ақпараттандыру ғасыры. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын 

жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен 

сапасын  арттыруды  көздейді.  Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру 

ісінің  басты  мақсаты-  заман  талабына  байланысты  ақпараттық  қоғамның 

шарттарына  сәйкес  оқушыларды  тұрмыстық,  қоғамдық  және  кәсіптік  өмір 

салаларына  толық  әрі  тиімді  араластыру  болып  табылады.  Жаңа  ақпараттық 

технологияларды  пайдалану  –  педагогикалық  іс-әрекеттердің  мазмұны  мен 

формасын  толықтыру  негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден  бір  жолы. 

Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін,  электрондық  оқулықтарды, 

мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану 

оқу  орындарында  ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар  кеңістігін 

құруға жағдай жасайды. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру 

жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып 

табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. 

Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және 

тест  жүргізетін  программалар,  компьютерлік  ойындар,  ақпараттық  жүйелер, 

оқыту 

орталары 



болып 

табылатын 

электрондық 

оқулықтар 

және 

мультимедиялық программалар. 



Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-

қатынасына 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың 

кеңінен 

қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды 

қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Ақпараттық  қоғамның  негізгі 

талабы  –  оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық  ойлау-

құрылымдық ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны пайдалану 

дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып 

өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға 

бейімдеу.  Ақпараттық  технология  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 

ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін 

математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар 

жиыны. 

Оқытудың 

ақпараттық-коммуникативтік 

және 


интерактивтік 

технологиялары бағыттары: 

- электронды оқулықтар; 

- телекоммуникациялық технологиялар; 




21 

 

- мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар



- қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. 

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде 

мұғалім  алдына  жаңа  бағыттағы  мақсаттарды  қояды:  өз  пәні  бойынша  оқу-

әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web  –сайттар ашу; 

жалпы  компьютерлік  желілерді  пайдалану;  бағдарламалау  ортасында 

инновациялық  әдістерді  пайдаланып,  бағдарламалық  сайттар,  құралдар  жасау. 

(мультимедиалық  және  гипермәтіндік  технологиялар),  қашықтықтан  оқыту 

(Internet  желісі)  барысында  өздігінен  қосымша  білім  алуды  қамтамасыз  ету. 

Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-

қатынасы  тікелей  жүзеге  асатын  сұхбаттасып  оқыту  болып  табылады. 

Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара  әрекетке, 

қатысушының  әрқайсысына  қажет  есепті  бірлесіп  шешуге  алып  келетін  - 

ұйымдастыру  және  сұқбаттасып  қарым-қатынас  жасауды  дамытуды  ұсынады. 

Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  оқушылардың  ақпараттық 

сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты 

қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселесі-бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне 

айналып отыр. 

 Ақпараттық құзіреттілік: 

-  сын  тұрғысынан  ұсынылған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім 

қабылдауға; 

-  өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін 

танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; 

-  ақпаратты  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға 

сақтауға,  түрлендіруге  және  тасымалдауға,  оның  ішінде  қазіргі  заманғы 

ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; 

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және 

жанама 

дәлелдеу, 

аналогия 

бойынша 


дәлелдеу, 

моделдеу, 

ойша 

эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; 



-  өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  үшін  ақпаратты 

қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл 

оқу,  тұрмыс  және  кәсіби  бағыттағы  міндеттерді  шешуде  ақпараттық-

коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. 

Сабақта  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушылардың 

ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық 

технологияларды,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды 

пайдалану  оқушылардың    білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін 

дамытуға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен 

ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыру  қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық 

бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. 

Сабақта  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың 

тиімділігі:  

- білімгердің өз бетімен жұмысы

- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 



22 

 

- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 



- шығармашылық есептер шығару; 

- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

- экономикалық тиімділігі

- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 

қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  құлақ  пен  есту 

мүмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың  таңғажайып  процестерімен  әр  түрлі 

тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 

- білімгердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 

«Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі 

жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін 

оқытудың  жаңарған  технологияларына  көшу  талабын  қойып  отыр. 

Бастамашылық,  жаңашылдық  білім  –  құзіреттілік  білім  беру  жағдайында 

қоғамның  мәдени,  әлеуметтік  ,  экономикалық  сұранысты  қанағаттандыраты, 

әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез-келген жағдайда өз 

іс-тәжірибесінде  пайдалана  алатын  жаңа  нәтижеге  бағытталған  білім.  Бүгінгі 

күні  математиканың  қолданылмайтын  жері  жоқ.  Сондықтан  әр  оқушыны 

математикалық  сауаттылықтың  жоғары  деңгейіне  жеткізу  міндеті  тұр. 

Математикалық  сауаттылықты  қалыптастыра  отырып,  оның  қыр  –  сырын 

толығынан  түсіндіру.  Соған  байланысты  математикалық  сауаттылықтың  ең 

дұрыста  нақты  айтылуы  мен  жазылуын  ескере  отырып,математикалық 

ұғымдарға  толығымен  көңіл  бөлу  керек.  Математикалық  сауаттылық 

функционалдық  сауаттылықтың  бір  тармағы  болып  табылады.  Сауаттылықты 

сипаттайтын  аса  маңызды  параметрлердің  бірі  –  функционалдық,  құзыретті  және 

тиімді  іс-қимыл  жасай  білу,  оның  ішінде  зерттеу  және  жобалау  іс-қимылдарды 

көрсете  білу.  Сондықтан  функционалдық  сауаттылықтың  деңгейі  туралы  мәселе 

қазіргі кезде аса маңызды. Сол себепті 9 сыныпта прогрессия тақырыбын өткен 

кезде  мен  экономикалық  сауаттылықты,  яғни  экономикалық  байланыстар  мен 

қатынастың негізін түсіну, нақты қаржылық-экономикалық  жағдайды талдай білу  

үшін мынадай PISA тапсырмаларын құрастырдым. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет