1 Механизмдер және машиналар теориясының негізгі ұғымдары
Адамдардың қол және ой еңбегін жеңілдету мақсатында механикалық
қозғалыс арқылы энергияны, материалды және информацияны бір түрден
басқа түрге айналдыратын жабдық машина деп аталады. Негізгі арналуына
байланысты машиналарды төрт түрге бөлеміз: энергетикалық, технологиялық,
транспорттық және информациялық.
Бір немесе бірнеше қатты денелердің берілген қозғалысын басқа қатты
денелердің қажетті қозғалысына айналдырушы денелер жүйесі механизм деп
аталады.
Механизм звенолары кірер және шығар, жетекші және жетектегі
болып бөлінеді.
Берілген қозғалысты орындайтын звено - кірер, ал қажетті қозғалысты
орындайтын звено - шығар звено деп аталады.
Звеноғатүсірілген сыртқы күштердің элементар жұмыстарының
қосындысы оң (теріс немесе нөлге тең) болса, онда ол жетекші звено
(жетектегі звено) деп аталады.
Бір немесе бірнеше жалпыланған координаталары берілген звено
Достарыңызбен бөлісу: |