Жоғарғы және төменгі жұптар. Жанасу түріне қарай кинематикалық
жұптар екі түрге бөлінеді. Звеноның кинематикалық жұп құрай отырып басқа
звеномен жанаса алатын беттерінің, сызықтарының және жеке нүктелерінің
жиынтығы кинематикалық жұп элементі деп аталады. Олай болса
кинематикалық жұпты әрқайсысы бір звеноға жататын екі элементтің
жиынтығы деп қарауға болады. Кинематикалық жұптың элементтері тез
тозбас үшін олардың беттер арқылы жанасқаны жөн.
Егер кинематикалық жұп звеноларының элементтері бет арқылы
жанасса, онда ол төменгі кинематикалық жұп, ал егер сызық немесе нүкте
арқылы жанасса - жоғарғы кинематикалық жұп деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |