1.3 Қаржыландыру мәселелері
PISA зерттеулері қаржыландыру мен білім беру сапасының өзара байланысына
назар аудартады. 2019 жылы Қазақстанда білім беру шығындары өсті және пайыздық
көрсеткішпен алғанда 19,4% жетті. Номиналды түрде шығындар көлемі 2,33 трлн теңгені
құрады
16
. Білім беру шығындары бірнеше жыл қатарынан әлеуметтік көмек пен әлеуметтік
қамсыздандырудан кейінгі ең жоғарғы мемлекеттік қаржыландыруға ие екінші сала болып
келеді.
Тұрақты даму мақсатының 4-ші нәтижесіне қол жеткізу міндеттері аясында, БҰҰ-
ның ұстанымы білім беруді қаржыландыруды ұлғайтуға және осы қажеттіліктерге ЖІӨ-ден
кемінде 4–6% бөлуге бағытталған. Әлем елдері білім беруге ЖІӨ көлемінің орта есеппен
4,7% жұмсайды
17
. Дегенмен, Қазақстандағы білім беруге ЖІӨ-ден бөлінетін шығыстар
әлі ұсынысты деңгейден төмен болып қалуда. 2019 жылы ол 3,62% болды, бұл бұған
дейінгі екі жыл көрсеткіштерінен жоғары (2018 ж. 3,15% және 2017 ж. 3,39% болды). 2018
жылғы Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық перспективалар: Күңгірт аспан»
(Global Economic Prospects: Darkening Skies) баяндамасында Қазақстанның 2019–2021 жж.
16
Аульбекова А. Расходы госбюджета Казахстана на образование бьют рекорды // https://forbes.kz/process/education/
zakaznoy_pirog_1588226252/
17
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2016 год. С. Ирсалиев,
А. Култуманова, Э. Тулеков, Т. Булдыбаев, Г. Кусиденова, Б. Искаков, Л. Забара, Л. Барон, Е. Коротких – Астана: АО
«Информационно-аналитический центр», 2017. – Б. 24.
14
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |