Дәріскер: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы,
мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна
Мәдениеттану пәні бойынша
4 – дәріс
Мәдениет анатомиясының сипаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет
этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.
Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл
нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір
сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа
адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар
беріп отырады.
Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық
қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан
жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен
мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып
табылады