ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет19/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Ынталандыру сыйлығының иегері
Бағдад Ізмағанбет Мәдиұлы
БҚО, Орал қаласы.
АдАмЗАТТЫң АсЫл ТәЖі 
мҰХАммЕд
Асыл дінді адамзатқа таратқан,
Пайғамбар қып жарылқаған жаратқан
Уа, Мұхаммед, хақ Алланың елшісі,
Адасқанды құбылаға қаратқан!
Үмбетім деп қан жылаған жүрегі,
Болып едің тақуалар тірегі!
Сен арқылы бізге түскен асыл дін
Әлі күнге өлмей өмір сүреді.
Уа, Мұхаммед пайғамбары Жаппардың!
Міндетіңді абыроймен атқардың.
Сәулесі әлі сол заманның өшкен жоқ
Дін Ислам үстем болған шақтардың!
Хадисіңнен танып сенің тұлғаңды,
Жаман әдет былғамады жылғамды.
Сурет емес, мінез-құлқың, сипатың
Көз алдыма көрсетеді сұлбаңды...
Уа, Мұхаммед, сансыз саған салауат!
Атыңды айтып жаңғырады ғаламат.
Адамдықты, имандықты ту қылған
Асыл дінің үмметіңе аманат.


42
Аллаға мадақ
Тәңір көрген жалт еткен әр ғажапты
Тура жолға салды Алла қазақты.
Жаңылғанды жолға салып Мұхаммед
Алла дінін барша жұртқа таратты. 
Алланы ұқпай ақыл өсіп толмайсың,
Елді сүймей шын мұсылман болмайсың!
Осы сөзді өнеге етіп қалдырған
Уа, Мұхаммед, шапағатшы болғайсың!
Текті ел едік, ағыл тегіл тасып ек.
Жалмамасын қазағымды қасірет.
Уа, жаратқан қияметте біздерді
Пайғамбармен бір болуды нәсіп ет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет