38
Аллаға мадақ
Құлға бас жоқ қалар жерде мәңгілік,
Келу-кету өмірдегі заңдылық.
Қатігездік
қаныңдағы қан шірік,
Жайдар мінез жан басына жаңғырық,
Жақсы жанға оянады таң күліп.
Әр
кез болсын туыстықпен тыныштық,
Тату болсаң келер бақыт, ырыс-құт.
Тәубе деп жүр
тірлігіңе жамағат,
Сақтады Алла елімізді ұлыс қып.
Күлімдеп жүр сергек оймен сезіммен,
Сезімсіз жан бәрінен де безінген.
Іңкәрлілік
мөлдір мінез әу баста,
Жаратылған сенің сәби кезіңнен.