Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәш, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері. АдАлдЫқ ТАғлЫмЫ Бисмилләһир рахманир рахим,
Асқар таулар, дала, мұхит, мына күн
Бір Құдайдың құдіретімен жаралған
Сол керемет құлы – ғалым, ұлы ақын!
Бисмилләһир рахманир рахим,
Бір өзіңе бағышталған мұратым,
Ашық аспан, Ай мен жұлдыз иесі, -
Бір өзіңнен бастау алған қуатым,
«Іңгәләумен» дүние есігін ашқаным,
Қаз тұруым, әмірің деп ұғынам
Барша жанға шапағатты шашқының.
Бір өзіңнен – бойға біткен дарыным,
Тәңірі ісі – имандылық тануым.
Қасиетті сүрелері Құранның –
Адалдыққа апаратын тағылым!
Иманымдай бес намазды бұзбауым,
Жаратқаннан – жазғаным мен сызғаным,
Жаратушы жарлығына бас ием, -
Көрем аптап ыстығы мен ызғарын...
Бисмилләһир рахманир рахим,
Сеніміме серпін берген мұратым.
Фәнилікті бақилыққа жалғаған –
Арым, дінім, қайыстырмас қуатым!
Жаратушы, шеберлердің шебері –
Аллаһ өзі – тіршіліктің иегері.
Бір тәңірдің бұйрығымен күн кешер
Шыр айналған жұмыр жердің бедері.