Жұматай Оспанұлы,
Талдықорған қаласы.
ЖҰмАдАн қАлмА
Ақыретіңді ойласаң Жұмадан қалма,
Қасиетін айт Жұманың сұраған жанға.
Қу дүниеге құл болып кетуден сені,
Құлшылық қана құтқарар мына жалғанда.
Үмітің болса, Жұмақтан Жұмадан қалма,
Өткінші өмір өйткені сынақ адамға.
Намазың қорған болады ең алдыменен,
Нәңкір мен Мүңкір қабірде сұрақ аларда.
Қиямет күні сөз таппай тұралағанда,
Рахым күтсең Алладан Жұмадан қалма.
Ертегі емес, ешқандай ертеңің үшін,
Тура жол көрсетіп тұр ғой Құран адамға.
Өлгенге емес, арналған тірі адамдарға,
Құранға күмән келтіріп, күнаға барма.
Алла алдында бәрі де жауап береді,
Бай мен кедей де, надан мен ғұламалар да.
Жан қиналғанда су таппай сұрап аларға,
Тозақтың қорықсаң отынан Жұмадан қалма.
Тіршілігіңді өткізсең құлшылықпенен,
Жұмақтың нағыз төріне шығарды Алла!
Өмір мен өлім алмасқан мына заманда,
Өлместің тапқан дәрісін бір адам бар ма?
Бес уақыт намазыңның қайнар бұлағы,
Жұмадан қалма, бауырлар Жұмадан қалма!
117
Таңдаулы діни өлеңдер
Аллаға мадақ
Құдіретіңе бағындым,Алла,
Өзіңе ғана табындым, Алла.
Адасып жүріп қалың тұманда,
Жолымнан талай жаңылдым, Алла.
Қарызын өтей алар ма екенмін?
Уайымсыз жастық шағымның, Алла.
Отыздан жасым асқанда барып,
Құлшылық еттім, қабыл қыл, Алла!
Бойдағы иман, сабырым , Алла,
Өзіңнен алған тағылым, Алла,
Еске алмай сені өткізген күннің,
Мен үшін қазір бәрі мұң, Алла.
Қапас кеудемді нұрға бөледі,
Жүрекке түскен жарығың, Алла.
Нығметіңді сезінген сайын,
Құдіретіңді таныдым, Алла!
Айды нұр, Күнді шам қылған, Алла,
Шеберлігімен таң қылған, Алла.
Жерді төсеніш, Түнді көрпе ғып,
Ұйықтатып демді алдырған, Алла.
Ілгексіз, жіпсіз сансыз жұлдызды,
Аспанға қадап, жандырған, Алла.
Бір тамшы ғана ұйыған қанмен,
Біздерді жоқтан бар қылған, Алла!
Кемел нұрыңа кенелдір, Алла,
Саған тән барлық шеберлік, Алла.
Жұмақта Кәусәр бұлаққа апарар,
118
Аллаға мадақ
Құлшылық деген терең бір арна.
Жаратқан хақтың ақиқат сөзі,
Күмәнсіз, шексіз сенем Құранға,
Рахым күткен құлыңның бірі,
Мен едім, Алла, демеп жүр, Алла!
Көктегі қар мен жаңбырдан, Алла,
Ырыздық ал деп жаудырған, Алла.
Самсаған сансыз жеміс өсіріп,
Біз үшін жерді бау қылған, Алла,
Қиямет күні сауап алайын,
Маңдайға жазған тағдырдан, Алла.
Жарылқай көрші алдымнан, Алла,
Жолыңда сенің жан құрбан Алла!
119
Достарыңызбен бөлісу: |