ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет51/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Кершбеков Маулен Сүлейменұлы,
Алматы облысы,
Жаркент қаласы, 
Панфилов ауданы.
АллА ісінЕ қҰлАқ Ас!
Алланың құлақ аспай бірлігіне, 
Көп пенде адасады тірлігінде. 
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», 
Адаспа санаң болса, мұны біл де.
Әділдік, тазалықты діннен ізде, 
Жақпасаң жаратқанға тілден ізде.
Байлыққа балақтағы алданбаңыз, 
Алладан жаратушы үміт үзбе.
Тағдырын бұл пенденің кім білетін? 
Алла шебер орнына келтіретін. 
Бар тағдыр өз қоллында бір Алланың, 
Жөні келсе тірілтіп, өлтіретін.
Осындай құдіретке сенбейсің бе? 
Мешітке – Алла үйіне келмейсің бе? 
Аллаға құлшылық ет халың барда, 
Немене, шайтан болып өлмейсің бе?
Біледі ақылды адам пайымдаған, 
Ісі өнбес кұры босқа уайымдаған. 
Пендесін Жаратушы құр қалдырмас, 
Алланың құлы екенін мойындаған.
Бір Алла басымды иіп сыйынғаным, 


120
Аллаға мадақ
Адам татар өзіне бұйырғанын. 
Алланың шеберлігін сезген шақта,
Ішімнен оқылады жыр-иманым.
Сөзіме біреу сенбей, біреу сенер, 
Ақырзаман болғанда бәрі өлер.
Он сегіз мың ғаламды жаратушы, 
Бәрінен құдіретті Алла шебер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет