ұсынылған.
өзгерістерге қарай өзінің типін өзгертеді. Формациялық типология көбіне
буржуазиялық, ал социалистік тип болса, қоғамдық өзін-өзі басқару типіне
айналуы керек болған.
бар азаматтардың жеке меншігі ретінде танылды. Бұл мемлекеттердің негізгі
еңбегіне құқықты қамтамасыз еткен.
11
- социалистік мемлекет – қоғамдық меншікке, өндіріс құралдарына
негізделді жəне өз саясатында қалың халықтың мүддесін білдірді. Социалистік
мемлекет еңбек етуші таптың саяси билігінің құралы болды.
Сонымен,
мемлекеттің
формациялық
типологиясы
мемлекеттің
экономикалық негізі мен əлеуметтік мəнін сиапттайды, яғни қандай əлеуметтік
тап қоғамды басқарып отырғанын көрсетеді. Қазіргі ғылымда формациялық
типология тарихтағы бұрыңғы мемлекеттерді сипаттау үшін ғана қолданылады.
Мемлекеттерді типке бөлудің екінші критерии болып өркениеттік
типология танылады.
Өркениеттік типология ХХ ғасырда дүниеге келген. Оның негізін
қалағандардың бірі ағылшын тарихшысы А.Тойнби болды. Басқа өкілдерінің
қатарында М. Вебер, П. Сорокин, О. Шпенглер, У. Ростоу жəне т.б. болды.
Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік типологиясы көбінесе қоғамның
мəдени сипатына (дінге, психологияға, моральге т.б.) көңіл бөлді. А. Тойнби
өркениеттің он үш түрін ұсынған болатын, атап айтқанда, ежелгі грекиялық,
римдік, сириялық, крито-микендік, православтық, батыс, араб, қиыр шығыстық,
мексикалық, ирандық, қытайлық, үнділік жəне т.б. Оның ойынша өркениет –
мəдени, экономикалық, географиялық, діни, психологиялық жəне өзге де
факторлармен ерекшеленетін қоғамның қалыпты жай-күйі болып табылды. А.
Тойнбидің көзқарасы бойынша əрбір өркениет типіне мемлекет типі сəйкес
келуі керек. Мемлекеттің өркениеттік типологиясы мəдени факторларға
негізделген, ол мемлекетке тікелей ықпал етеді. Өркениеттік типология адам
қызметінің барлық нысандары арқылы өткенді тануға мүмкіншілік береді.
Өркениеттік типология тек таптар мен əлеуметік топтардың қарсылығын
айырып білуді ғана көздемей, ол сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде олардың өзара əрекеттесуі аясын да білуге жəрдемдеседі.
Мемлекеттің типологиясы мемлекеттің нысаны ұғымымен тығыз
байланысты болып келеді.
Мемлекеттің нысаны мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызмет
ету амалы болып табылады. Мемлекет нысанын оқып, зерттеу қоғамды
мемлекеттік басқару қалай ұйымдастырылғанын, оны биліктің қандай
органдары іске асырып жатқананын, олар қандай тəртіпте жəне оны кім
қалыптастыратынын, қоғамдағы қатынастарды реттеу үрдісінде қандай əдістер
қолданылатынын түсініп, білуге мүмкіншілік береді.
Мемлекет нысаны күрделі. Құрылымы бойынша жүйелі құбылыс болып
табылады. Ол өзара байланысты үш элементтен тұрады: мемлекеттік басқару
нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны жəне мемлекеттік саяси режим нысаны.
1. Мемлекеттік басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының ұйымдастырылуы мен құызмет етуі ерекшеліктерін, құрылымын
сипаттайтын мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттік
биліктің жоғары органдарына мемлекет басшысын (монархты не президентті),