республика.
1) Монархия дегеніміз – биліктің мұра жолымен атадан балаға берілуіне
негізделген басқару нысаны. Билік монархтың қолына шоғырланған.
Монархиялық басқару нысанына мына белгілер тəн болып келеді: мемлекет
басшысының
билігі
мұраға
беріледі,
шексіз
болады,
оның
қарамағындағылардың еркіне тəуелсіз болады.
Монархияның мынадай түрлері бар: абсолютті, дуалистік жəне
парламенттік. Дуалистік жəне парламенттік монархияны шектелген –
конституциялық монархия деп те атайды.
Аболютті монархия – мемлекет басшысының билігін шектейтін мемлекет
механизміндегі органдар мен мекемелердің жоқ болуымен сипатталады, яғни
монархтың билігі шексіз болады жəне оның билігін ешбір орган шектей
алмайды. Тарихта абсолютті монархия ең бірінші монархиялық басқару нысаны
болды. Осы кездері Бруней, Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт елдері абсолютті
монархияны ұстанатын елдер болғанымен, олардың конституциясы мен
заңдарынан монархияның бұл түрін таппайсың.
Дуалистік монархия ХVIII-XIX ғасырларда Еуропада кең тарала бастаған.
Заң қабылдауға ерекше құқықты иеленген Парламенттің құрылуы бұл
монархияның ерекшелігі болып табылады. Мемлекетті монарх басқарады. Ол
үкіметті құрады жəне оның жұмысын бақылайды, вето құқығын иеленеді жəне
парламентті таратуға құқылы. Басқарудың бұл нысаны Германияда, Ливияда,
Түркияда, Тайландта, жəне т.б. мемлекеттерде болған. Қазіргі кезде заң жүзінде
монархияның бұл түрі жоқ, бірақ іс жүзінде көптеген мемлекеттерде дуалистік
монархияның қалдықтары əлі де сақталған, мысалы, Марокко, Иордания жəне
т.б.
Парламенттік монархия буржуазияның саяси ықпалының нығайту
нəтижесінде жəне еуропалық мемлекеттерде жұмысшы таптың санының өсуі
нəтижесінде кең етек жая бастады. Парламенттік басқару нысанында монарх
ұлт бірлігінің, ел тəуелсіздігінің символы болып табылады. Мемлекетті басқару
бойынша негізгі құзырет үкіметке тиесілі болады. Монарх парламенттің
ұсынысымен үкіметтің мүшелерін тағайындайды, монарх парламент
қабылдаған құжаттарға қатысты вето қоюға құқығы жоқ. Көптеген парламенттік
монархия мемлекеттерінде контрсигнатура институты бар.
2) Республика – мемлекеттің басқару нысанының екінші түрі. Мемлекет
басшысы (президент) сайланбалы жəне ауыспалы болып табылады, ал оның
билігі халықтың немесе өкілді орган билігінен туынды болып қарастырылады.
Республиканың келесідей белгілері бар: сайланбалық, өкілеттілік мерзімінің
болуы, ауыспалы болуы жəне т.б. Республиканың үш түрі бар: президенттік,
парламенттік жəне аралас.
13
Президенттік республикада – президент бір мезгілде мемлекеттің басшысы
жəне атқарушы биліктің басшысы болады. Мысалы, Аргентина, АҚШ жəне т.б.
Президент жеке дара өзі үкіметті құрады, оны басқарады, министрлерді
қызметтен босатады. Президент парламенттің алдында саяси жауапты емес.
Президент заң шығарушы органды таратуға құқығы жоқ, бірақ оған вето
құқығын пайдаланып ықпал ете алады.
Парламенттік республикада – үкімет саяси партиялар арқылы құрылады
жəне парламент алдында саяси жауапты болады. Мысалы, Түркия, Израиль,
Германия жəне т.б. Қажет болған жағдайда парламент үкіметке сенімсіздік
білдіре алады. Əдетте парламенттегі партиялар өкілдерінің саны кезекті
сайлаудың нəтижесі бойынша өзгеріп жатса, үкіметтің құрамы да толығымен
өзгереді. Парламенттік республикада Президент парламентпен тағайындалады.
Заң жүзінде оның құзыреті кең болғанымен, іс жүзінде ол тек мемлекеттің
символы ғана болып табылады.
Аралас республика – жартылай президенттік жəне жартылай парламенттік
мемлекет болып есептеледі. Аралас республикада үкіметтің жауаптылығы екі
есеге артады, президент пен парламент бірлесіп отырып үкіметті құрады жəне
қызмет етуіне бақылау жасайды. Мысалы, Австрия, Польша, Финляндия,
Болгария жəне т.б.
2. Мемлекеттік құрылым нысаны – билік пен басқарудың аумақтық
ұйымдастырылуының ерекшеліктерін сипаттайтын мемлекет нысанының
элементі болып табылады. Мемлекеттің құрылым нысаны: унитарлық жəне
Достарыңызбен бөлісу: |