ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет6/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

федеративтік болып бөлінеді. 

Унитарлық  мемлекет – аумағы  əкімшілік-аумақтық  бірліктерге  бөлінген 

біріңғай, біртұтас мемлекет. Мысалы, Франция, Италия, Испания, Венгрия жəне 

т.б.  Унитарлық  мемлекеттің  екі  түрі  болады:  жəй  жəне  күрделі  унитарлық 

мемлекет. Жəй унитарлық мемлекет дегеніміз – аумағы тек əкімшілік-аумақтық 

бірліктерден  тұрады  (облыс,  округ,  провинция,  аудан  жəне  т.б.)  жəне 

орталықтандырылған  билік  қағидасы  негізінде  құрылады.  Күрделі  унитарлық 

мемлекет  дегеніміз - өзін-өзі  басқаратын  құрылымдар – автономиялардан 

тұрады,  автономиялар  өзіне  қатысты  мəселелерді  жеке-дара  шешу  құқығын 

иеленген. 

Мысалы, 

Өзбекстандағы 

Қарақалпақстан 

автономиялық 

республикасы,  Украинадағы  Крым  автономиялық  республикасы,  Канадағы 

Квебек, Франциядағы Корсика автономиялық республикалар жəне т.б. Əлемдегі 

көптеген мемлекеттер унитарлық болып келеді. 

Федеративтік  мемлекет – бірнеше  мемлекеттер  мен  мемлекеттік 

бірлестіктерден тұратын, мемлекеттік биліктің тұтастығы жəне оның федерация 

мен  оның  автономиялық  субъектілері  арасында  көлденең  бөлінуі  қағидасына 

негізделген  одақтық  мемлекеттік  аумақтық  ұйым.  Федерация  бірнеше 

субъектілерден  тұрады:  провинциялар,  штаттар,  султанаттар  жəне  т.б.  Бұл 

субъектілер  көбінесе  белгілі  бір  міндеттерді  бірігіп  шешу  үшін  ерікті  түрде 



14 

 

одақтасады.  Федерацияда  билік  орталықтандырылған  болады.  Сондай  ақ 



федералдық  деңгейдеі  биліктің  жоғары  мемлекеттік  органдарымен  қатар 

федерация  субъектілерінің  биліктік  құрылымдары  да  болады.  Федерациялық 

мемлекеттерде көп жағдайда қос азаматтық жүйесі орын алады. Мысалы, АҚШ, 

Германия,  Біріккен  Араб  Əмірлігі,  Пакистан,  Индия,  Ресей  Федерациясы, 

Мексика,  Аргентина,  Австралия  жəне  т.б.  мемлекеттер  федерациялық 

мемлекеттер болып табылады.  

Федерацияны  мемлекеттік  одақтар,  қауымдастықтар  жəне  мемлекеттердің 

халықаралық  бірлестіктерден  бөліп  қарастыру  қажет,  олар  бір  емес. 

Мемлекетаралық  бірлестіктердің  ішінде  белгілісі    -  конфедерация  болып 

табылады.  Конфедерация  экономикалық,  əлеуметтік,  саяси  жəне  өзге  де 

саладағы  ортақ  мəселелерді  шешу,  мақсаттарға  жету  үшін  құрылған  дербес 

егеменді  мемлекеттердің  одағы,  ерекше  қауымдастығы  болып  табылады. 

Мысалы, ТМД, ЕО, Британдық достастық жəне т.б.  

3. Мемлекеттік саяси режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары 

мен  əдістерінің  жүйесін  көрсететін  мемлекет  нысанының  элементі  болып 

табылады. 

Мемлекеттік 

саяси 


режимнің: 

демократиялық 

жəне 


антидемократиялық (демократияға қарсы) түрлері бар. 

Демократиялық  режимде – жалпы  демократиялық  құқықтар  мен 

бостандықтар  жарияланады  жəне  қамтамасыз  етіледі,  халық  мемлекеттік 

органдарға  сайлау,  баспасөз  жəне  өзге  де  институттар  арқылы  ықпал  етеді, 

мемлекеттік  аппаратты  қалыптастыру  негізі  ретінде  саяси  плюрализмге  жəне 

биліктің  бөлінуіне  кепілдік  беріледі.  Демократияның  мынадай  белгілері  бар: 

заңның  үстем  болуы;  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының 

қорғалуы; халықта жалпы жəне тең сайлау құқығының болуы; биліктің бөлінуі; 

жоғары  жəне  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  сайланбалы  жəне  ауыспалы 

болуы; саяси плюрализмнің орын алуы жəне т.б. 

Демократияға  қарсы  режимде – халықтың  билігі  шектеледі  не  мүлдем 

жоққа  шығарылады.  Антидемократиялық  режимге:  авторитарлық  жəне 

тоталитарлық режимдерді жатқызуға болады.  

Авторитарлық  режимде - мемлекетте  заңдылық  пен  демократизмнің  

белгілері  бар  болғанымен,  заң  нормаларында  баяндалғанымен,  шын  мəнісінде, 

іс жүзінде бұл нормалар мен ережелер қолданыс таппаған. Азаматтардың қоғам 

істерін  басқаруға  ықпал  ету  мүмкіншіліктері  шектеледі.  Халық  қоғам  мен 

мемлекетті  басқару  ісінен  аластатылады  жəне  олардың  негізгі  құқықтары  мен 

бостандықтары  шектеледі.  Биліктің  бөлінуі,  саяси  плюрализм  қағидалары 

бұзылады. 

 Тоталитарлық  режимде – адам  өмірінің  барлық  салаларын  мемлекет 

толығымен  бақылауға  алады,  қоғамды  басқаруда  мəжбүрлеу  əдістері 

қолданылады.  Бұл  режимде  бір  мемлекеттік  идеология  жарияланады,  бір 

партиялық  жүйе  орнайды.  Тоталитарлық  жүйеде  заңдылық,  биліктің  бөлінуі 




15 

 

қағидалары,  сайлау  жəне  сайлану  құқығы  болмайды.  Тоталитарлық  режимнің 



көріністерін  тарих  беттерінен  байқауға  болады,  мысалы,  И.Сталиннің  КСРО 

кезіндегі билік етуі, Германиядағы фашистік режимнің орнығуы жəне т.б.               

Мемлекеттік саяси режимге, сонымен қатар либералды режим де жатқызуға 

болады.  Адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының  қамтамасыз  етілуі 

идеясының болуына негізделген либералды (жартылай демократиялық) режим - 

қоғам  мен  мемлекеттің  өтпелі  кезеңі  жағдайында  пайда  болады.  Мұндай 

режимде  биліктің  бөлінуі  қағидасы  танылады,  бірақ  көп  жағдайда  либералды 

режимде авторитарлық режимнің белгілері кездеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет