ҚҰҚЫҚ негіздері


 Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялар



Pdf көрінісі
бет24/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

3.4  Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялар 

Мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуы əр елдердің тəжірибесінде, 

əр  құрлықтарда,  əр  түрлі  негіздерде,  əр  түрлі  кезеңдерде  жүрген  болатын. 

Сондықтан да, қазіргі кезеңде мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуын 

түсіндіретін  концепцияларда  бірнеше  негіздерге  сүйенеді.  Сонымен  қатар, 

мемлекет  пен  құқықтың  шығуын  теориялық  тұрғыда  негіздейтін  авторлардың 

да тарихи, əр түрлі кезеңдерде өмір сүргендігін есептейтін болсақ, субъективті 

тұрғыда  да,  мемлекет  пен  құқықтың  шығуы  туралы  теориялардың  сан  алуан 

болатындығын  көре  аламыз.  Мемлекет  пен  құқық  континентальдік 

ерекшеліктерге  байланысты,  климаттық  ерекшеліктерге  байланысты  əр  түрлі 

тұрғыда  қалыптасып,  дамып  отырды.  Мемлекет  пен  құқықтың  шығуы  өте 

күрделі  заңдылықтарға  бағынғандықтан,  бір  бағытта  мемлекет  пен  құқықтың 

қалыптасуы  мен  дамуын  түсіндіре  алу  мүмкін  емес.  Сондықтан  да,  қазіргі 

кезеңде мемлекет пен құқықтың шығуына қатысты теорияларды қарастырғанда 

плюралистік еркіндіккке ден қоя отыра, бағалаған абзал болады.  



Діни  теория.  Бұл  мемлекет  пен  құқықтың  шығуын  түсіндіретін  алғашқы 

теориялардың  бірі болып  табылады.  Бұл  теорияның  басты  негізі  мемлекет  пен 

құқық  та  құдайдың  еркімен  жаратылған  болып  саналады.  Дііііни  теория – 

адамзат  баласының  қалыптасуымен  келе  жатқан  ең  көне  теориялардың  бірі. 

Ежелгі  Египет,  Ежелгі  Месопотамия,  Ежелгі  Үндістанда  тағы  басқа  мəдениет 

ошақтарында  мемлекет  пен  құқықтың  шығуы  туралы  алғашқы  кезеңде  осы 

теологиялық ой-тұжырымдар үстемдік құрды. Ежелгі халықтардың аңыздарына 

сүйенетін болсақ, мысалы, египеттіктерде алғаш адамзат қоғамын құдайлардың 

билегендігі  туралы  айтылады.  Əрине,  ондай  аңыздарды  көп  халықтардың 

тарихынан кездестіреміз. Діни теорияның негізделуі мен дамуына Ф.Аквинский 

 

4

 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет жəне құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 3-4 бб. 



 


55 

 

ерекше  еңбек  сіңірді.  Ғылымда  Ф.Аквинскийді  осы  теорияның  негізін 



салушылардың қатарына жатқызады. Діни теория ортағасырларда батыс елдері 

мен  шығыста  кеңінен  етек  жайды.  Діни  теорияға  сəйкес  мемлекет  құдайдың 

қалауымен  жаралған  болып  саналады.  Сондықтан  да,  дін  өкілдері  зайырлы 

мемлекеттің  бастауын  əрқашанда  діннен  шығарады.  Қазіргі  кезеңде 

Ватикандағы  арнайы  мемлекеттік  ұстанымның  бірі,  мемлекет  пен  құқықтың 

шығуының  осы  доктринасы  болып  табылады.  ХХ  ғасырда  бұл  теорияны 

Ж.Маритэн дамыта түсті. Қазіргі кезеңдегі теологиялық табиғи ілім қолдайтын 

А.Ауэр,  Э.Вольф,  Ф.Харст  жəне  т.б.  мемлекет  пен  құқықтың  негізгі  бастауын 

құдаймен байланыстырады. Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы діни теория 

христиан  əлемінде  де  жəне  мұсылман  əлемінде  де  кеңінен  тараған 

ұстанымдардың  бірі  болып  табылады.  Діни  теорияға  сəйкес  мемлекетті 

басқарушы  тұлға  құдайдың  жердегі  өкілі  болып  саналады.  Сондықтан  да, 

мемлекетті басқарушы тұлғаның талаптарын бұлжытпай орындау қажет.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет