ҚҰҚЫҚ негіздері


 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет170/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.  

    18 жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша 

кəмелетке  толғандармен  теңестіріледі,  ал  еңбекті  қорғау,  жұмыс  уақыты, 

демалыс  уақыты  жəне  басқада  еңбек  жағдайлары  саласында  ЕК-гі  қосымша 

кепілдіктерді  пайдаланады. 18 жасқа  толмаған  қызметкерлердің  еңбегін  ауыр 

жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  қауіпті  жұмыстарда,  сондай-ақ 

орындалуы  олардың  денсаулығы  мен  имандылығының  дамуына  зиян  келтіруі 

мүмкін  жұмыстарда  (алкоголь  өнмдерін,  темекі  өнімдерін  тасымалдау,  өндіру 

жəне  сату,  түнгі  ойын-сауық  мекемелеріндегі  жұмыс)  қолдануға  тыйым 

саынады. 18 жасқа  толмаған  қызметкерлердің  өздеріне  белгіленген  шекті 

нормалардан артық жүктерді тасуына жəне қозғалтуына тыйым салынады. 

 18 жасқа толмаған қызметкерлерге:    




212 

 

-  Он  төрт  жастан 16 жасқа  дейінгі  қызметкерлер  үшін – аптасына 24 сағаттан 



аспайтын; 

- 16-18 қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын; 

-  Білім  беру  мекемелерінде  оқитын  жəне  оқу  жылы  ішінде  оқуды  жұмыспен 

қатар  алып  жүретін 14-16 жасқа  дейінгі  оқушыларға – күніне 2,5 сағат, 16-18 

оқушыларға  күніне 3,5 сағат  жұмыс  уақытының  қысқартылған  ұзақтығы 

белгіленеді. 

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жəне қаіпті жұмыстарда істейтін 

қызметкерлер  үшін  жұмыс  уақытының  аптасына 36 сағаттан  аспайтын 

қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет