9.4 Жұмыс уақыты түсінігі, оның ұзақтығы мен түрлері, нормалары.
Жұмыс уақытының режимі жəне оларды қалыптастыру тəртібі. Жұмыс
уақытының ерекше режимі. Түнгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс
уақыты. Əйелдердің жəне отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың
еңбегін реттеу ерекшеліктері. 18 жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек
шарттарына, ішкі тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін орындайтын
уақыт.
5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық
норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат
12 минуттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс.
6 күндік жұмыс уақыты кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық
норма 40сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағаттан болғанда – 6
сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс.
Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі түрлерін
көздейді: қалыпты ұзақтығы, қысқартылған ұзақтығы жəне толық емес жұмыс
уақыты. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы
тиіс. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір сүруіне жəне
дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы.
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын жəне
өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі
бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы белгіленуі мүмкін.
Толық емес жұмыс уақыты – бұл белгіленген жұмыс уақытының қалыпты не
қысқартылған ұзақтығының бөлігі. Мұнда жұмыс күні кезінде күнделікті
жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып азаяды.
210
Достарыңызбен бөлісу: |