Түнгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс уақыты.
22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып
есептеледі. Жүкті əйлдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың
келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуден 18 жасқа толмаған
адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық
қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. Түнгі уақыттағы
жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады.
Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен өтеу көзделмейді.
Үстеме жұмыстарға: жүкті əйелдер, 18 жасқа толмаған қызметкерлер
жіберілмейді. Үстеме жұмыстар əрбір қызметкер үшін тəулік ішінде – 2
сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті
211
жұмыстарда 1сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстарға жалпы ұзақтығы айына
12 сағаттан жəне жылына 120 сағаттан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |