9.6 Еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі. Қалыпты
жұмыс. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті
қорғау. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері.
Қазіргі кезде еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі
Жалақы – еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін,
жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, бірақ, заңдарда
белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлемдер. Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасымен əрбір қызметкерге бiрдей еңбегi үшiн
қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға кепілдік берілген жəне де
қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде,
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген
жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы жəне толық мөлшерде төлеу жұмыс
берушіге міндеттелген. Жалақы төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан
Республикасының Еңбек Кодексінің 134 бабына сəйкес жүргізілуі қажет. Осы
баптың талабына сəйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасындағы ақшалай нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi
онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленуге жатады. Жалақы төленетiн күн еңбек
шартында, ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс.
ҚР Конституциясы ж\е ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін: бірдей
ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нəсіл, жас, ұлт ж\е т.б. белгілері
үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді. Ең төмен жалақы мөлшері
меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға
ақшалай төлемдердің ҚР Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері.
Жалақының ең төмен мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы ҚР заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең
215
төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауы тиіс ж\е ол
қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен əлеуметтік
төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді
қамтымайды ж\е жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.
Қалыпты жұмыс.
Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына жəне өмір сүруіне зиянын
тигізбейтін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы күшіндегі
заңнамаға сəйкес кəсіпорындардағы жұмыскерлердің жұмыс уақытының
ұзақтығы 40 сағаттан аспауға тиіс. Оны тараптардың келісімімен көбейтуге
болмайды. Бұл норма экономиканың саласына, кəсіпке, мамандыққа, лауазымға
қарамастан, жəй, қалыпты еңбек жағдайларында жұмыс істейтін барлық
жұмыскерлерге тарайды. Ұзақтығы қалыпты жұмыс күні мыналарға есептелген:
а) артық күш жұмсауды қажет етпейтін жəне жүйке тоздырмайтын жағдайларда
жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге;
б) 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында жəй календарлық тəулікке сай.
Сондықтан да қалыпты ұзақтықтағы жұмыс күніне 6 күндік жұмыс аптасы
болғандағы 5 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ үздіксіз өндіріс жағдайындағы 8
сағаттық жəне өте ұзақ күнделікті жұмыс жатқызылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |